---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-02-18-dosaev-metro-qurylysyna-qazhet-qarzhyny-qytajdan-izdep-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Досаев метро құрылысына қажет қаржыны Қытайдан іздеп жатыр

![Поезд в метрополитене в Алматы](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/v-almaty-priostanovili-rabotu-metro-bizmedia.kz_.jpg)

Өткен жыл соңында  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі **Ерболат Досаев**  Алматы әкімдігі метро желісін батыс бағытта Барлық базарына, шығыс бағытта әуежайға дейін созу үшін халықаралық қаржы институттарынан 1 млрд долларға дейін қарыз алуы мүмкінекенін айтқан еді. 

[![Фото: Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/v-almaty-priostanovili-rabotu-metro-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/v-almaty-priostanovili-rabotu-metro-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Bizmedia.kz

«Метроға қатысты айтар болсақ, қазіргі таңда метро желісін екі бағытта созу үшін қарыз алу мәселесін қарастырып жатырмыз. Атап айтқанда, Қалқаман мен Барлық станцияларына , шығыс бағытта әуежайға дейін метро желісін ұзартуды көздеп отырмыз» деген әкім Досаев.

Ал бүгін  Алматы әкімі **Ерболат Досаев  Қытайдың Экспорт-импорт банкі **(China Exim Bank) президенті Ван Чуньинмен кездескені, қос тарап метроны қаржыландыру мәселесін талқылағаны белгілі болды. Қытай банкі «жол инфрақұрылымы саласындағы жобаларды қолдауға дайын»деген ақпараттар келіп жатыр «Келіссөздердің басты тақырыбы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, атап айтқанда, қала метрополитенінің желісін кеңейту болды. Ерболат Досаев ынтымақтастықтың маңыздылығын және қаржыландыру шарттарын талқылауға дайындығын атап өтті. Ван Чуньин банктің Қазақстанда 16 жылдық жұмыс тәжірибесі бар екенін және жол инфрақұрылымы саласындағы жобаларды қолдауға дайын екенін атап өтті. Тараптар серіктестікті нығайту үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға ниет білдірді»,  - делінген хабарламада. 

China Exim Bank (Қытай Эксимбанкі) түрлі елдерде өкілдіктері мен бөлімшелері бар. Мемлекеттік банк Қытайдың сыртқы саудасын, инвестициялары мен халықаралық экономикалық ынтымақтастығын қолдайды.

---

Опубликовано: 2025-02-18T14:05:31+05:00

Обновлено: 2025-10-30T00:50:02+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Алматы жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/almaty-zhangalyqtary/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-02-18-dosaev-metro-qurylysyna-qazhet-qarzhyny-qytajdan-izdep-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.