---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-05-cfo-summit-paneldik-sessiyada-belgili-qarzhyger-oraz-zhandosov-qazaqstandy-bank-daghdarysy-men-memlekettik-aqshany-qutqarugha-zhumsalghan-qarazhat-koelemi-bojynsha-rekordsmen-bolghanyn-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# CFO Summit панельдік сессияда белгілі қаржыгер Ораз Жандосов Қазақстанды банк дағдарысы мен мемлекеттік ақшаны құтқаруға жұмсалған қаражат көлемі бойынша рекордсмен болғанын айтты

![Монеты и купюры тенге](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/prokurory-zhetisu-predotvratili-narusheniya-pri-provedenii-konkursov-o-gosudarstvennyh-zakupkah-bizmedia.kz_.jpg)

** Оның айтуынша, ** 2000-шы жылдардың басына  қаржылық жүйеміз  ТМД-да объективті түрде үздік болды, кейін   ауыр дағдарысқа тап болды. 

[![Фото: Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/prokurory-zhetisu-predotvratili-narusheniya-pri-provedenii-konkursov-o-gosudarstvennyh-zakupkah-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/prokurory-zhetisu-predotvratili-narusheniya-pri-provedenii-konkursov-o-gosudarstvennyh-zakupkah-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Bizmedia.kz

Экономист бұл мәселеге әлі күнге дейін ешкім талдау жазбағанын айтып шағымданды. Әйтпесе, ол кез келген форматтағы бестселлер болуы мүмкін: 

«Мен 2000 жылдардың бас кезіндегі қаржы дағдарысы мен қазіргі жағдайды салыстырамын.  Қазіргі жағдайға экономикадағы жүйесіздік себеп болды. 2022 жылдағы қаңтар оқиғасы  біздің өткен тарихымыз біз қалаған көріністе емес екенін көрсетті» дейді Ораз Жандосов. 

О.Жандосов Ұлттық қор да бұрыннан құрылғанын атап өтті. Алайда, экономист түсіндіріп өткендей, кейіннен қормен айналысқан адамдар ұрпағы, оның пікірінше, Ұлттық қордың не екенін әлі күнге дейін толық түсінбеген. "Әйтпесе ақша-несие саясаты да сәл басқаша құрылуы тиіс еді. Және біздің осы, оның ішінде ағымдағы проблемаларымыздан олар болмағандықтан емес, негізінен объективті. Бірақ сәл басқаша көзқараспен қарастырылды ", - деп түсіндірді О.Жандосов.

Спикердің айтуынша,  2-3% өсім біздің ел үшін қалыпты жағдай. Бірақ қазір мәселе 5 немесе 7 пайызға қалай көтеруге болады деген сұрақтың жауабына байланысты. 

О. Жандосовтың ойынша қолына  карт-бланш берілсе, миллиардер Илон Маск сияқты өзінің тиімділік департаментін құратын тұлғалардан кенде емес екенін,  «Атамекен» ҰКП басшылары Райымбек Баталовты және Қаржы министрлігінің бюджеттік департаментін басқарған Елена Бахмутова бұл бағытта біраз шаруаның басын қайырғанын айтты. «Бізде бұл бағытта жетілдіретін тұстар көп. Мен күні бүгінге дейін  шығыстарды қысқартудың жүйелі тәсілін естіген емеспін» деп сөзін түйіндеді Ораз Жандосов.  

---

Опубликовано: 2025-03-05T10:16:07+05:00

Обновлено: 2025-10-30T00:53:48+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-05-cfo-summit-paneldik-sessiyada-belgili-qarzhyger-oraz-zhandosov-qazaqstandy-bank-daghdarysy-men-memlekettik-aqshany-qutqarugha-zhumsalghan-qarazhat-koelemi-bojynsha-rekordsmen-bolghanyn-ajtty/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.