---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-12-premer-bektenov-aerbir-zhoo-nyng-birlesip-qarzhylandyru-ueshin-iri-kaesiporyn-retinde-seriktesi-boluy-tiis/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Премьер Бектенов: Әрбір ЖОО-ның бірлесіп қаржыландыру үшін ірі кәсіпорын ретінде серіктесі болуы тиіс

![Аудитория со студентами](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/bektenov.jpg)

Премьер-Министр Бектенов кеше үкіметте өткен жиында Ғылым және жоғары білім министрлігіне осындай нұсқау берді.

[![Фото: РИА Новости / Владимир Песня](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/bektenov-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/bektenov.jpg)Фото: РИА Новости / Владимир Песня

>  «Әрбір институттың немесе ЖОО-ның мақсатты тапсырыстар беретін және шығыстарды бірлесіп қаржыландыратын ірі кәсіпорын ретінде өз серіктесі болуы тиіс», - деп санайды Олжас Бектенов.

Осындай өзара іс-қимылдың табысты мысалы ретінде премьер «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесіп Металлургия және байыту институтының тазартылған селен алу технологиясын әзірлеуді атады.

Бұдан өзге, премьер-министр Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттер филиалдарының ғылымды дамытудағы және елдің жаһандық академиялық қоғамдастыққа кірігудегі рөлін атап өтіп, Ғылым және жоғары білім министрлігіне шетелдік жоғары оқу орындарын тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

> «Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ғылымды, технологиялар мен инновацияларды дамытуға ғылымды қажетсінетін аумақтар - ғылым қалаларын құру серпін бере алады», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы және ХҒСҰ-ға мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылыми институттар мен инновациялық өндірістік кәсіпорындардың аумақтық шоғырлануын ескере отырып, ғылым қалаларын құру тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойды.

Академик Досым Сүлейменов ЖОО-ның зауыт-кәсіпорындармен интеграциялануы оның ішкі нарықпен интеграциялану үдерісін тездететінін айтады

Кезінде бірқатар ЖОО орындарында мұндай тәжірибе болған. Техникалық ЖОО дар арасында мұнай компанияларымен байланыс бар. Енді бұл санатқа уран немесе табиғи кен байлықтарын  барлап жатқан компанияларды қосуға болады. Бұл ЖОО-ның ғана емес, маман дайындау мәселесін де жолға қояды. Қазақ экономикасы әртараптандырылса, ЖОО-лардың экономикамен интеграциялану үдерісі жылдамдайды. Мұны тек техникалық бағыт емес, жеңіл өнеркәсіп бағытында да жүзеге асыруға  болатынын айтады академик.

Сарапшылар да қазақ премьерінің бұл ұсынысын құп көріп отыр. Өкініштісі компаниялардың басым көпшілігі ҚБТУ тәрізді тек күлшелі оқу орындарына да көзі түсіп отыр. Енді премьер Бектеновтың кешегі пәрменін арнайы қаулы арқылы заңдастырылса, тапсырманың орындалуы алға жылжиды.  

---

Опубликовано: 2025-03-12T05:18:29+05:00

Обновлено: 2025-10-30T00:55:11+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Білім](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/bilim/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-12-premer-bektenov-aerbir-zhoo-nyng-birlesip-qarzhylandyru-ueshin-iri-kaesiporyn-retinde-seriktesi-boluy-tiis/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.