---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-15-memleket-basshysy-qasym-zhomart-toqaev-keshegi-oetken-ulttyq-quryltajda-qoghamda-qyzu-talqylanyp-zhatqan-salyq-reformasyna-qatysty-pikirin-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  кешегі өткен Ұлттық Құрылтайда қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты пікірін айтты

![Касым-Жомарт Токаев](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/11/tokaev-rasskazal-kakie-voprosy-budut-podnyaty-na-sovete-odkb_bizmedia-kz_.jpg)

Салық жүйесі, бұл – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі. Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды. Бұл туралы жаңа ғана белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев жақсы айтып өтті.

[![Фото: Акорда](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/11/tokaev-rasskazal-kakie-voprosy-budut-podnyaty-na-sovete-odkb_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/11/tokaev-rasskazal-kakie-voprosy-budut-podnyaty-na-sovete-odkb_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Акорда

> «Сондай-ақ Құрылтай мүшелері Қайырбек Арыстанбеков, Марат Башимов, Ерлан Саиров, Расул Рысмамбетов және Мұрат Әбенов салық-бюджет мәселесіне қатысты орынды пікір білдірді», - деді Мемлекет басшысы.

Президент айтып өткендей, «жұрттың  бәрі экономист немесе қаржыгер емес.

> «Мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін. Сондықтан реформаның мәнін әр адамға түсінікті тілмен жеткізу керек», - дейді Мемлекет басшысы.

Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар, жалпы алғанда, дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген.

Мемлекет басшысы аттарын атап өткен, Ұлттық құрылтай жұмысына қатысқан  сарапшылар баспасөзде жиі аталатын айтары бар тұлғалар. Құрылтай жұмысына қатысқан Расул Рысмамбетов реформалар барысындағы пікір сарапшылардың  басылым бетіндегі пікірлері арқылы қалыптасатынын айтады. Бірақ бізде белгілі бір салаға Жақсыбек Құлекеев тәрізді белгілі бір салаға маманданған мамандар аз. Сондықтан экономиканың жекелеген салалаларына маманданған тәуелсіз сарапшылар платформасын қалыптастыратын кез келді. Экономикалық реформаларды жаңғырту, тереңдетуді қажет ететін қазіргі кезде бұл міндеттің салмағы одан сайын маңызды.

---

Опубликовано: 2025-03-15T13:06:27+05:00

Обновлено: 2025-10-30T00:57:15+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-15-memleket-basshysy-qasym-zhomart-toqaev-keshegi-oetken-ulttyq-quryltajda-qoghamda-qyzu-talqylanyp-zhatqan-salyq-reformasyna-qatysty-pikirin-ajtty/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.