---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-22-eng-baqytty-elder-tiziminde-qazaqstan-altysatygha-zhogharylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ең бақытты елдер тізімінде Қазақстан алтысатыға жоғарылады

![Пожелание доброго утра соседям и общение с незнакомцами осчастливливают](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/pozhelanie-dobrogo-utra-sosedyam-i-obshhenie-s-neznakomczami-oschastlivlivayut-bizmedia.kz_.jpg)

Біріккен Ұлттар Ұйымы жылда мемлекеттерарасында арнайы сараптама жасап, "ең бақыттыелді" анықтайды.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/pozhelanie-dobrogo-utra-sosedyam-i-obshhenie-s-neznakomczami-oschastlivlivayut-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/pozhelanie-dobrogo-utra-sosedyam-i-obshhenie-s-neznakomczami-oschastlivlivayut-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

World Happiness Report рейтингісінде Қазақстан тұрғындардың бақыт деңгейі бойынша үздік 50 елдің қатарына сенімді түрде кірді. Бақыт деңгейінанықтау үшін сарапшылар әр адамға шаққандағыжалпы ішкі өнім, өмір сүру ұзақтығы, жомарттық, әлеуметтік жәрдем, бостандық және жемқорлықсынды факторларды есепке алған. Рейтинг 2022-2024 жылдардағы статистикалар бойынша түзілген. Тізімде Қазақстан 43 орында тұр. Былтыр 49 орында болған Қазақстан алты сатыға көтерілген. Осылайша ТМД елдері арасында "ең бақытты ел" атанған. Ең бақытты ел - Финляндия. Екінші-үшінші орынды Дания мен Исландия бөліскен. Соңғы орында - Сьера-Леоне (146), Ауғанстан (147) тұр.

**Алғашқы**** ****үштікке**** ****енген**** ****елдер**** ****несімен********бақытты****?**

Финляндияда орташа жалақы 2 630 еуро. Еуроодаққұрамындағы елде денсаулық, қауіпсіздік, білімберу саласы жақсы жолға қойылған. Билік пен қарахалық арасында тығыз байланыс бар, яғни, әрбіртұрғынның азаматтық құқығы заңмен қорғалып, қоғам талабын үкіметі бірден қамтамасыз етеді.Екінші орында тұрған Данияда адамдар тегінмедициналық көмекті, білім беру жеңілдіктерінеркін пайдаланып, мемлекет бала күтімі бойыншашығындарды жауып береді. Одан өзге, мемлекетқоршаған орта тазалығы мен табиғатты қорғау, еңбек адамының құқығы мен отбасықұндылықтарына баса назар аударады. Елдегі орташа жалақы – 25 099 дат кроны (біздің ақшағашаққанда, шамамен 1 700 000 теңге).

Рейтингтің үшінші сатысынан орын тепкенИсландия мемлекеті өзінің әсем табиғатымен қатар, елдегі адам құқығы мен жеке бастың қауіпсіздігіжөнінде "Ең бақытты ел". 370 мыңдай халқы бар бұл ел туризммен, балықшылықпен және энергия көздерін дамыту ісімен ілгері басуда. Исландиядаорташа жалақы – 579 355 крон (2 027 742 теңге).

Пост-советтік кеңістікте Эстония (39) мен Литва (16) Қазақстаннан жоғары тұр. Өзбекстан - 53, Қырғызстан - 75, Тәжікстан 90, Ресей - 66-орында тұр

Рейтингте бірінші орынды сегізінші рет Финляндия иеленді. Алғашқы бестікке сондай-ақ Дания, Исландия, Швеция және Нидерланды кірді.

Алғашқы 20 елдің қатарына Коста-Рика, Норвегия, Израиль, Люксембург, Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария, Бельгия, Ирландия, Литва, Австрия, Канада, Словения және Чехия кірді.

Қазақстан Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия, Әзірбайжанды артта қалдырып, 43-орында тұр. Украина 111 орынды иеленді.

Ауғанстан тағы да ең бақытсыз елге айналды. Соңынан Сьерра-Леоне екінші, ал Ливан үшіншіорын алды.

Рейтингтегі орын алты параметрге сүйене отырыпесептелді:

1. жан басына шаққандағы ЖІӨ; 

2. өмір сүру ұзақтығы; 

3. жомарттық; 

4. әлеуметтік қолдау;

5. өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауғаықпал ету бөлігінде  

6. бостандық пен сыбайлас жемқорлық. 

---

Опубликовано: 2025-03-22T16:23:12+05:00

Обновлено: 2025-10-30T01:10:50+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-22-eng-baqytty-elder-tiziminde-qazaqstan-altysatygha-zhogharylady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.