---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-28-memlekettik-kirister-komiteti-qurylys-zhaene-sauda-salasyndaghy-kompaniyalargha-kiristi-toemendetuge-qatysty-498-mlrd-tenggege-eskertu-habarlamasyn-zhiberdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекеттік кірістер комитеті құрылыс және сауда саласындағы компанияларға кірісті төмендетуге қатысты 498 млрд теңгеге ескерту хабарламасын жіберді

![Человек считает на калькуляторе и пишет отчет, Правила принудительного взыскания](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/almatinczev-preduprezhdayut-o-sdache-nalogovoj-otchetnosti-do-15-maya_bizmedia-kz_.jpg)

Енді комитетттің назары құрылысты емес, сауда сегментін де қамтып отыр.

[![Фото: Depositphotos.com / minervastock](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/almatinczev-preduprezhdayut-o-sdache-nalogovoj-otchetnosti-do-15-maya_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/almatinczev-preduprezhdayut-o-sdache-nalogovoj-otchetnosti-do-15-maya_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Depositphotos.com / minervastock

Сарапшылар салық реформасына қатысты айтылып келе жатқан болжамдардың бәрінің орындалатынына сенімді.

Енді нарықтың әрбір сегментінде салықтан  жалтарып қалуга мүмкіндік беріп келген тетіктердің бәрі жабылып қалатын болады.  

 Комитет таратқан баспасөз дерегінде  633 салық төлеушісіне, оның ішінде құрылыс саласында жұмыс істейтін 172 тұлғаға (оның ішінде барлық ірі құрылысшы) және сауда саласындағы 102 компанияға салық салынатын кірісті төмендетуге қатысты 498 млрд теңге сомасына ескерту хабарламалары жіберілгені айтылған.

Салық кодексінің 30-бабының 2-тармағына сәйкес, салық органдары салық төлеуші туралы мәліметтерді азаматтың жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға бере алмайды. Сол себепті бұл тізімдегі азаматтар мен бұған дейін ескерту хабарламасын алғандардың аты-жөні жарияланбайды.

Сарапшылардың сөзінше, мұндай тексерулер алдағы уақытта қалыпты құбылысқа айналатынын,  кез-келген сегменттің «көлеңкеге»  кетіп қалуына жол ашатын тетіктердің жабылып қалатынын айтады. 

Айта кетейік, 2025 жылдың ақпанында Мемлекеттік кірістер комитеті елдегі 543 блогер, инфлюенсерге салық ескертуін [жіберді](https://kz.kursiv.media/kk/2025-02-19/slbt-bloger-salyq-eskertui/?utm_source=in_materials). Олардың 2022-2023 жылдар аралығында кірістерін дұрыс көрсетпегені айтылды. Әлеуметтік желіде бұл тізімде бар делінген бірнеше азаматтың аты-жөні жарияланды.

Осы шудан кейін комитет 12 блогердің 1,4 млрд теңге кірісіне есеп тапсырғанын [хабарлады](https://kz.kursiv.media/kk/2025-02-28/mtzh-bloger-salyq/?utm_source=in_materials). Декларацияланған кірістен олар 73,6 млн теңге салық төлеген. Сондай-ақ барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілгені айтылды.

Камералдық бақылау – салық төлеуші ұсынған салық есебін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметін, салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметерін талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау. 

---

Опубликовано: 2025-03-28T09:16:16+05:00

Обновлено: 2025-10-30T01:12:19+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-28-memlekettik-kirister-komiteti-qurylys-zhaene-sauda-salasyndaghy-kompaniyalargha-kiristi-toemendetuge-qatysty-498-mlrd-tenggege-eskertu-habarlamasyn-zhiberdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.