---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-29-ulttyq-qordyng-1-mlrd-dollary-aqsh-tyng-memlekettik-obligacziyalaryna-baghaly-qaghazdaryna-salynatyn-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық қордың 1 млрд доллары АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына (бағалы қағаздарына) салынатын болды

![Доходность казначейских облигаций США падает после выхода экономических данных](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/dohodnost-kaznachejskih-obligaczij-ssha-padaet-posle-vyhoda-ekonomicheskih-dannyh-bizmedia.kz_.jpg)

**Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың сөзінше, с**атып алынған TIPS Қазақстанның Ұлттық қорына енгізіледі.* **О**сы арқылы ** ***мемлекеттік облигациялары нақты табысымызды сақтай****мыз, **** активтердің құнсыздануына қарсы тұрамыз ****деген үміт бар.**

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/dohodnost-kaznachejskih-obligaczij-ssha-padaet-posle-vyhoda-ekonomicheskih-dannyh-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/dohodnost-kaznachejskih-obligaczij-ssha-padaet-posle-vyhoda-ekonomicheskih-dannyh-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

 Қазір ТIPS-тің активтері 59 млрд долларды құрайды, оның 54 млрд доллары жоғары кіріс беріп келген.

Жалпы, осы уақытқа Ұлт­тық қорды көбейтудің екі жолына  басымдық берілді. 

1. Мұнайдан түскен түсім. Бұл жолда қаржы ең әуелі Ұлттық қорға түседі. Содан кейін барып трансферт арқылы бюджетке кетеді. 
2. Ин­вестициялық кірісті арттыру. Бұған дейін біз осы бағытты дамытуда 80/20 пайыз межесін ұстандық. Яғни Ұлттық қордағы қаражаттың 80 пайызы облигацияларға, қалған 20 пайызы акцияларға салынды. 2023 жылдан бері үкіметке Ұлттық қор­ды бас­қару параметрін өзгерту тапсырылды. 

Енді Ұлттық қордың қаражатының 60 пайызы облигацияға, 30 пайызы акцияға, 5 пайызы алтынмен сақталып, қалған 5 пайыз баламалы қаржылық құралдарына бөлінбек. Бұл – Ұлт­тық қордың инвестициялық кірісін одан әрі өсіру үшін жасалған қадам. Салалық  сарапшылар бұл шешімді Ұлттық қорға уақытша ғана дем беретін құбылыс деп баға беріп отыр.

Экономикалық саясат институтының директоры, экономист-ғалым Қайырбек Арыстанбеков *Ұлттық қордың екі стратегиялық функциясы бар** екенін айтады. ** ***

1. *Қ**ысылтаяң заманда тұрақтандыру үшін пайдалану. *
2. * **Екіншісі – келер ұрпақтың игілігіне қаражат жинақтау.*

*«**Ұлттық қордың қаражатын тұрақтандырғымыз келсе, бізге бірінші кезекте банк секторының жұмысын реттеу керек. Банктерге отандық экономиканы қаржыландыру туралы қатаң талаптар қойылуы қажет. ***

1. * Ұлттық қордан алынған қаражат көлеңкелі экономикаға да кетіп қалып жатыр. Бүгінде көлеңкелі экономика жалпы ішкі өнімнің 25-30 пайызына дейінгі үлесті құрап отыр. Бұл көлеңкелі экономикада тиісті салықтар алынбай жатқанын көрсетеді. *
2. ** ***Ұлттық қор қаражатының белгілі бір бөлігі шетелдік құнды қағаздар сатып алуға, акциялар мен облигацияларға салынады. Қордағы қаражатты құр жатқызбай шетелдік облигацияларға салу әлемдік тәжірибеде бар. *

*Сарапшылар бұл әдісті эк**о**но**микасы дамыған, өндірісі бекем, инвестициясы жолға қойылған елдер қолдана**тынын айтады. Бұл тәсіл ** қор қаражатының шетелдік облигацияларға салынуы біздің сыртқы имиджімізге де әсер етеді. Сырттан қарыз алу, ірі келісімдер жасау мәселесіне келгенде де тиімділіктер беруі мүмкін. Әйтсе де қор қаражатын шетелдік компанияларға, облигацияларға салуды мен аса тиімді дей алмаймын. Себебі акциялар мен облигациялардың құны бірде түседі, бірде көтеріледі. **«**Ондайда пайызы төмен болады. Ұлттық қор ақшасына қай шетелдік компанияның акциясын сатып алсақ, соларды байытып отырмыз деуге болады. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Қор ақшасын тек өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларға ғана бөлу керек. Бірақ ол қаражаттар валюта нарығына түспеуі керек, яғни бағаның көтерілуіне жол ашпауы қажет»,* – дейді Қайырбек Арыстанбеков.

**Сарапшылардың пайымынша **** Ұлттық қорды 100 млрд долларға жеткіз****етін үш бағыт бар. **

1.  2030 жылға дейін мұнай өндіру көлемін 105 млн тоннаға жеткізу. 
2. Дамыған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алып инвестициялық табысты арттыру. 
3. 2026 жылдан бастап қордан алынатын қаражатты 5 млрд долларға дейін шектеу. 

Алдыңғы екі аспектіні осы уақытқа дейін де ұстанып келгенбіз. Нәтижесі қазіргідей. Ал қордан қаражат алуды шектеу керек деп осыдан 10 жыл бұрын да айтып жүргенбіз...

---

Опубликовано: 2025-03-29T14:41:08+05:00

Обновлено: 2025-10-30T01:12:10+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-03-29-ulttyq-qordyng-1-mlrd-dollary-aqsh-tyng-memlekettik-obligacziyalaryna-baghaly-qaghazdaryna-salynatyn-boldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.