---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-04-2019-zhyldan-beri-ashylghan-zhobalardyng-qalaj-zhumys-istep-zhatqanyn-tuegeldejtin-kez-keldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 2019 жылдан бері ашылған жобалардың қалай жұмыс  істеп жатқанын түгелдейтін кез келді

![Казахстанский флаг на фоне неба](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/10/kazahstanskij-flag-podnyali-v-czentralnom-parke-aktobe-bizmedia.kz_.jpeg)

2018 жылдардың соңғы жұмыс күндерінің бірінде сол кезде қазақ үкіметін басқарған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкіметтің экономикалық блогы алдында 2008-2018 жылдар арасында жүзеге асырылды деп хабарлаған 1000 шақты   Қазақстанның аумағынан қолына шырақ алып іздеуге ниет танытқанын әлі ұмытқан жоқпыз. «Мыңдаған зауытты аштық деп айтып отырмыз. Ал олар еңбек өнімділігін неге жоғарылатпайды? Сонда қандай зауыттар ашып жатырсыздар?» деді Бақытжан Сағынтаев.

[![Фото: Акимат Актюбинской области](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/10/kazahstanskij-flag-podnyali-v-czentralnom-parke-aktobe-bizmedia.kz_-1024x576.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/10/kazahstanskij-flag-podnyali-v-czentralnom-parke-aktobe-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: Акимат Актюбинской области

Сарапшылар 2019 жылдан бергі уақытта жүзеге асырылған жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы мәліметтер ашық айтылса екен  дейді. 

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың отырысында  үкімет Астана, Алматы, Ұлытау және Қарағанды ашылуы тиіс жобалар туралы айтып, сол аймақта осыған дейін атқарылған жобалардың нәтижесі туралы айтуды естен шығарып алды.    

ҰЭМ айтуынша Астанада 2,5 трлн теңгенің 130 инвестициялық жобасын жүзеге асыру және 18,3 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде 2025 жылы 300 млрд теңге инвестиция тартумен кем дегенде 50 жоба іске асырылады. Мынадай ірі жобаларды іске асыру басталды. 

- құны 170 млрд теңге болатын Kazak Protein бидайын терең өңдеу зауыты;
- Қазақстанның ТОКК жеңіл металдардан жасалған қаптама өндірісі 55 млрд теңгеге;
- 23,6 млрд теңгеге LASSELSBERGER құрылыс қоспалары мен бояуларын өндіру;
- «Электровоз құрастыру зауыты» зауыты жанындағы электровоздарға арналған сервистік орталық 15 млрд теңгеге;
- Астанада өнеркәсіпті дамыту үшін № 2 Индустриалды парктің құрылысы басталды. Сондай-ақ, елордада Wildberries логистикалық хабы мен Ozon көлік-логистикалық орталығының екінші кезегі іске қосылуға дайындалуда.

**Алматы****да**** **

Алматыда 1,5 трлн теңгенің 95 жеке жобасы жүзеге асырылады, олар 21,5 мың жұмыс орнын құрады. 

2025 жылы:

- жылына 90 млрд. теңгеге 182 мың автомобиль шығара алатын Haval, Chery, Changan автомобильдерін шығаратын мультибрендтік зауыт;
- 44 млрд теңгеге Almaty Museum of Arts мұражайы (қазақстандық бизнесмен Нұрлан Смағұловтың жобасы);
- Wildberries логистикалық орталығы 43,2 млрд теңгеге;
- Medeu Park Hotel қонақ үй кешені 17 млрд теңгеге.

**Қарағандыда **

- Өңірде құны 174,6 млрд. теңгені құрайтын, 2,9 мың жұмыс орнын құратын 118 инвестициялық жоба іске асырылуда.
- ыстық мырыштау зауыты 6,2 млрд теңгеге, 115 жұмыс орны;
- «Гиперборея» жел электр станциясы 50,6 млрд теңгеге;
- кремнийлі қорытпалар өндіретін зауыт 62,8 млрд теңгеге, 497 жұмыс орны;
- «ТЭМПО Қазақстан» болат құбырлар өндірісі 25 млрд теңгеге, 400 жұмыс орны;
- 18,6 млрд теңгеге алюминий радиаторлары өндірісі, 183 жұмыс орны.

2027 жылы «Сарыарқа» АЭА аумағында арнайы мақсаттағы болат өндіретін «Қазақсталь» зауытының құрылысын бастау жоспарланып отыр

**Улытау****да **

Облыста 2,2 мың жұмыс орнын құрумен 933 млрд теңгеге 19 инвестициялық жоба жоспарланған. 2025 жылы олардың 138 млрд теңге сомасына 17-сін іске асыру басталады, соның ішінде:

- Батыс Қаражал кен орнын игеру;
- Жезқазған мыс қорыту зауытының күкірт қышқылы цехын салу;
- байыту фабрикаларын жаңғырту;
- мұнай базасы мен респиратор шығаратын зауыт салу.
- Сәтпаевта индустриалды аймақ құрылды, оның аясында 150 жұмыс орнын құрумен 28 млрд теңгенің 4 жобасы пысықталуда

**2019 жылдан бері қанша жобаның жүзеге асырылғаны туралы нақты мәлімет GoogLe да айта алмайды**

Сарапшы Замир Қаражанов бюджеттің қаражатына салынған жобалар туралы мәліметтер ашық болса екен дейді.  

2019 жылдан бері ашылған жобалардың қалай жұмыс  істеп жатқанын түгелдейтін кез келді. 

«Шетелдік инвесторлармен бірге жүзеге асырылған жоба жабылып қалса, елдің инвестициялық тартымдылығына сөз келеді» дейді Замир Қаражанов. 

---

Опубликовано: 2025-04-04T07:10:46+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:29:11+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-04-2019-zhyldan-beri-ashylghan-zhobalardyng-qalaj-zhumys-istep-zhatqanyn-tuegeldejtin-kez-keldi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.