---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-04-alghashqy-eo-ortalyq-aziya-sammitisamarqandta-oetedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алғашқы ЕО – Орталық Азия саммитіСамарқандта өтеді 

![Касым-Жомарт Токаев на саммите «ЦА – ЕС»](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/o-chem-govoril-tokaev-v-samarkande-4-aprelya-podrobnosti-iz-uzbekistana_bizmedia-kz-1.jpg)

«Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандтағы Конгресс-орталыққа келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды», делінген хабарламада.

[![Касым-Жомарт Токаев на саммите «ЦА – ЕС». Фото: Акорда](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/o-chem-govoril-tokaev-v-samarkande-4-aprelya-podrobnosti-iz-uzbekistana_bizmedia-kz-1-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/o-chem-govoril-tokaev-v-samarkande-4-aprelya-podrobnosti-iz-uzbekistana_bizmedia-kz-1.jpg)Касым-Жомарт Токаев на саммите «ЦА – ЕС». Фото: Акорда

**                           ****Президент қандай мәселелерді көтерді?**

**Сауда және экспорт******

Қазақстан ЕО нарығына жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 175 тауар түрінің экспортын ұлғайтуға дайын;

- Еуропа Одағы шетелден импорттайтын мұнайдың 13 пайызға жуығы біздің елімізге тиесілі. Оның басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы тасымалданады. 
- Еуропа Одағы аталған консорциумның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жұмыс істеуіне қолдау білдіріп отыр. Қазақстан мұны жоғары бағалайды және шикізат тасымалдаудың балама жолдарын да дамытады.

**Энергетика және тасымал******

- Total, Eni, Svevind секілді бұрыннан келе жатқан серіктестерімізбен және басқа да еуропалық компаниялармен жаңартылатын энергия көздері және «жасыл» сутегі өндірісі жобалары қолға алынды.   
-  Қазақстан Өзбекстан және Әзербайжанмен бірлесіп, «жасыл» энергияны Каспий теңізі арқылы Еуропа нарығына жеткізетін электр желісін салу бойынша ірі жобаны бастады.
-  Қазақстанда Еуропа Одағы экономикасына қажетті 34 шикізаттың 19 түрі өндіріледі. Оның қатарында уран, титан, мыс, литий, кобальт,  вольфрам және басқа да көптеген элементтер бар.
-  Еліміз ЕҚДБ банкімен арадағы келісім бойынша геологиялық барлау саласында бірлескен жобаларды іске асырып, кен игерудің озық тәжірибесін енгізіп жатыр.
-  Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен контейнер арқылы тасымалданған жүк көлемі 62 пайызға артып, 4,5 миллион тоннаны құраған. Мақсат – 2027 жылға қарай бұл көрсеткішті 10 миллион тоннаға дейін жеткізу.
- Қазақстан әлемдегі ядролық отынның 40 пайызға жуығын қамтамасыз. ету арқылы таза энергия өндірісінде маңызды рөл атқарады.

**Технология және инновация****. **

-  Жыл басында Қазақстанда Президент жанындағы Жасанды интеллект бойынша халықаралық консультативтік кеңестің негізі қаланды;  
100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауды көздейтін ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. 
-  Астанада AlemАi жоғары технологиялар орталығы құрылуда;  
Президент Astana Hub базасында «Орталық Азия – Еуропа Одағы» инновациялық кампусын ашуды ұсынды.

**Халықаралық саясат және қауіпсіздік****.**

- Жаһандық тұрақсыздық жағдайында әлемде болып жатқан күрделі оқиғаларға баға беруде барынша ұстамдылық пен жауапкершілік таныту керек. 
- Барлық елді БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық қағидаларын мүлтіксіз сақтау үшін барынша күш-жігер жұмылдыруға, сондай-ақ Бас хатшы Антониу Гутерриштің қызметіне қолдау білдіруге үндеді.
- БҰҰ-ның құрылғанына 80 жыл толған сәтте мұның өзектілігі арта түседі.
- Қазақстан кез келген қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін жақтайды. Сондықтан Украинаға қатысты келіссөздердің басталуын құптайды. Мәселенің күрделі екеніне қарамастан, шиеленістің оң шешімін табатынына сенім артады.

---

Опубликовано: 2025-04-04T07:43:31+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:29:07+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-04-alghashqy-eo-ortalyq-aziya-sammitisamarqandta-oetedi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.