---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-08-zhan-zhaghymyz-aqsh-tyng-tarif-sayasatynan-pana-bolatyn-zhajly-meken-izdep-izdep-zhantalasa-bastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жан-жағымыз АҚШ-тың тариф саясатынан  пана болатын жайлы мекен іздеп  іздеп жанталаса бастады

![Подорожание тарифов на отопление и горячую воду повлияли на инфляцию в Казахстане](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/podorozhanie-tarifov-na-otoplenie-i-goryachuyu-vodu-povliyali-na-inflyacziyu-v-kazahstane.jpg)

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/podorozhanie-tarifov-na-otoplenie-i-goryachuyu-vodu-povliyali-na-inflyacziyu-v-kazahstane-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/podorozhanie-tarifov-na-otoplenie-i-goryachuyu-vodu-povliyali-na-inflyacziyu-v-kazahstane.jpg)Фото: Freepik

ҰБ-тің нарықтың оң жаңбасына жайлы болып келген базалық мөлшерлемелерінің төменгі деңгейіне «жайлы жер іздеп кетті» деп өкпелей алмаймыз.  Ішкі нарық Ұлттық банктің Банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейін қабылдайтын 11 сәуірді күтіп,іштен тынып  тұр.  Қаржы сегменті Ұлттық банк  базалық мөлшерлемені көтереді деген болжамға басымдық беріп тұр. Өткен жылдардағы мен жыл басындағы бір қалыпты тұрған базалық мөлшер біраз уақытқа дейін түсімізге кірейін деп тұр. Жан-жағымыз АҚШ-тың тариф саясатынан  пана болатын жайлы мекен іздеп  іздеп жанталаса бастағаны көзіміз көріп тұр. Ұлттық банктың  күні кеше алтын саудасынан бас тартқанын осыған дейін жазғанбыз.  

**Алтын бағасы арқылы долларға деген сұраныстың қаншалықты бетін қайтарғаны, алдағы уақытта бұл тәсілдің өзін-өзі қаншалықты ақтайтыны ҰБ мен   сарапшылар тың тақырып**

 Ұлттық банктің Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Б.М-нің жаңа деңгейі теңге мен нарыққа, АҚШ-тың тариф саясатына дейін дем бергенін көзіміз көрді.    Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім енді, 3 күннен кейін  2025 жылғы 11 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады.

Сарапшылардың айтуынша, ҰБ -те базалық мөлшерлемені көтеруден өзге жол жоқтығын айтады. Нарық бұл қыспаққа да дайын болуы  керек.

Мұндай шешім   доллардың қымбаттауы,  инфляция және мұнай құнының арзандауы жағдайында өзін-өзі ақтайды.

 Freedom Finance Global сарапшысы Данияр Оразбаев LS-ке берген сыртқы қаржы нарықтарындағы жағдайдың жалпы нашарлауы протекционизм трендімен бірге Ұлттық банкті мөлшерлемені алдын ала көтеруге мәжбүрлеуі мүмкін екенін айтыпты. Сарапшының пікірінше, жұма күні өтетін отырыста бас банк базалық мөлшерлемені 25 б.п. ғана көтереді. 

Инфляция бойынша болжамдарға келетін болсақ, Freedom Finance Global оптимистік нұсқада оны жыл соңына қарай 11% деңгейінде күтеді. Ал жақын арада айлық көрсеткіш 2025 жылдың алғашқы үш айындағы жарылыстан кейін біртіндеп бәсеңдей бастауы мүмкін. Ал қаржы компаниясының базалық сценарийінде баға деңгейі 11,5% -ға жақын өседі.

«Бұл ретте сыртқы нарықтағы жағдайдың, протекционизмге жаһандық бағамның және доллар құнының өзгеруі болжамды өзгерте алатынын түсіну қажет», - деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк инфляцияның мақсатты 5% деңгейіне жетуге ұмтылуда. Алайда, Д.Оразбаев бұл мақсатты іске асыру кем дегенде 2027 жылдың соңына дейін мүмкін деп есептейді және қазіргі уақытта жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, оның ықтималдығы әлі де төмен.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ағымдағы жағдайда ақша-кредит саясатын жұмсарту ерте екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ол аталған бағыттағы барлық кейінгі шешімдер инфляцияның нақты динамикасының болжамды траекторияға және Қазақстандағы баға тұрақтылығы үшін тәуекелдердің жалпы теңгеріміне сәйкестігін ескере отырып қабылданатынын хабарлады.

Сондай-ақ кәсіби қатысушылар инфляция бойынша өз болжамдарын нашарлатқанын еске саламыз.

-  Сарапшылардың медианалық бағалары 2025 жылға 8,7% -дан 10,6% -ға дейін, 2026 жылға - 7,0% -дан 9,0% -ға дейін, 2027 жылға - 5,8% -дан 6,1% -ға дейін ұлғайды.
- Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша BCC Invest инфляцияны жылдық мәнде 11,5% деңгейінде болжап отыр.

Сарапшылардың сөзінше, жылдың  аяғына дейін 5% таргетке қол жеткізу ықтималдығы өте төмен.  Салықтардың өсуі, ТКШ және ЖЖМ тарифтерінің өсуі қосымша бағаға қысым жасап жатыр.  Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты туралы баяндамасында (2025 жылғы ақпан) осы көрсеткіш бойынша мақсатты деңгейге 2027 жылдың екінші жартысында ғана жетеді деп болжануда.

Ал келесі сарапшылар интервенция немесе базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі арқылы   теңге мен доллардың нарыққа әсерін жеңілдету қиынға түсетінін айтады.

**Ү****кімет пен Ұлттық банк бұл жолы базалық мөлшерлемені көтерумен жағдайды реттей алмай****ды,****қосымша жоспар****керек******

Экономикалық қиындықтардың кез-келген формасына дайын екенін Үкімет ара-тұра болса  айтып қалатын. Экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда іске асы­рылатын «Б» жоспары барынан  осыған дейін хабардар болғанбыз.

Сарапшы Б. Зиябеков ұзақмерзiмге жасаған болжамдары­ның барлығында дерлiк азық-түлiктiң әлемдiк бағасының өсе беретiнi, ал энергияны тұтыну бағасы қазiргiден  жоғары деңгейде қалатынын айтады.  Көзін тапсақ  бұл процестер Қазақстан үшiн тиiмдi болуы тиiс, Сосын газ мен мұнай тәрізді  Қазақстанда шығарылатын шикiзат тегiс әлемдiк бағамен және ешбiр делдалсыз экс­­портталып, Ұлттық экономика ми­нистрлігінің сайтында ашық жарияланса ғана базалық мөлшерлемені көтермей жағдайды реттейміз.   Сарапшының айтуынша,  осы тұста алдағы уақытта ескерілуге тиіс ең басты бағыт – бүгінге дейінгі қабылданған жос­пар­лардың нәтижесі тәуелсіз сарапшылар тарапынан зерттелмеген. Бізге қателіктерімізден сабақ алатын кез келді. .

---

Опубликовано: 2025-04-08T08:10:34+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:30:27+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-08-zhan-zhaghymyz-aqsh-tyng-tarif-sayasatynan-pana-bolatyn-zhajly-meken-izdep-izdep-zhantalasa-bastady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.