---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-09-qazaqstan-bankterining-akczionerlerine-dividendterden-salyq-toeleuge-mindettelsin-degen-usynysty-zhumangharin-qoldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан  банктерінің акционерлеріне дивидендтерден салық төлеуге міндеттелсін деген ұсынысты Жұманғарин қолдады

![Человек держит кредитную карту со знаком процентов](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/fiktivnye-kredity-na-98-mlrd-tenge-vydavali-kazahstanskie-banki_bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: newizv.ru.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/fiktivnye-kredity-na-98-mlrd-tenge-vydavali-kazahstanskie-banki_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/fiktivnye-kredity-na-98-mlrd-tenge-vydavali-kazahstanskie-banki_bizmedia.kz_.jpg)Фото: newizv.ru.

ҰЭМ  бүгін мәжілісте жаңа салық кодексінде дивиденд алатын адамдар мен ұйымдарға салық салу мәселесі қарастырылуы мүмкін екенін айтты. Мұның алдында бұл мәселені Мәжілісте депутат Ермұрат Бапи көтерген болатын.

Бапи дивидендтерге сараланған салық салуды енгізуді ұсынды:

• 10% - 100 млн теңгеге дейін алушылар үшін,

• 15% - миллиардтар алатын аса бай акционерлер үшін.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл идеяны қолдады:

ҰЭМ бүгін депутаттың бұл бастамасына қарсы келмейтінін,  қарастыруға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша,  100 млн теңгеге дейінгі сомаға 10% салық енгізуді тым көп,  мұндай сомаға салынатын салықты 5% көлемінде қарастыруға болатынын жеткізді. Салық салу мәселесі тек банктердің акционерлеріне емес, сонымен бірге басқа ұйымдарға қатысты болатынын атап өтті.

«Мәселе банктерге ғана қатысты емес, бүкіл дивиденд алатын адамдар мен ұйымдарға қатысты болады», – деді **Жұманғарин.**

Сарапшылардың айтуынша, бұл тақырып «айтылуға болмайтын жабық есік ішіндегі жабық »  тақырып болып келген.

Қаржыгер І. Исаевтың айтуынша, банк акционерлері үшін дивидентке салық салу «ахиллестің өкшесімен»бірдей болып келді.  Мысалы, 2023 жылы кейбір банктерді «дивиденттен» «қысқан» кезде қарызын төлеуге «кезекке тұрғанын» көзіміз көрген. «Бұл мәселенің мемлекеттік деңгейде айтылуы Үкімет пен Ұлттық банкке  шегінерге жер қалмай қалғанын көрсетіп тұр», дейді  И.  Исаев

Үкімет осы мәселеде табанды болса, ШОБ салығын осы бағыт арқылы жеңілдетуге болатыны сарапшылар арасында айтылып жатыр.

---

Опубликовано: 2025-04-09T09:41:37+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:30:10+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-09-qazaqstan-bankterining-akczionerlerine-dividendterden-salyq-toeleuge-mindettelsin-degen-usynysty-zhumangharin-qoldady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.