---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-09-uem-zhumangharinning-zheke-kaesipkerlikti-tirkeudi-qiyndatu-turaly-usynysy-qyzu-talqygha-tuesip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҰЭМ Жұманғариннің   жеке кәсіпкерлікті  тіркеуді қиындату туралы ұсынысы  қызу талқыға түсіп жатыр

![Мужчина держит в руке документы за столом с компьютером](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/banki-stali-chashhe-davat-kredity-biznesmenam-v-kazahstane---opros-naczbanka_bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/banki-stali-chashhe-davat-kredity-biznesmenam-v-kazahstane---opros-naczbanka_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/banki-stali-chashhe-davat-kredity-biznesmenam-v-kazahstane---opros-naczbanka_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Freepik

Тіпті кейбір кәсіпкерлер «Авгейдің ат қорасынан тазалау» бизнес кеңістікті көлеңкелі бизнестен тазалау   осы ұсыныстан басталатынын айта бастады.

Кәсіпкер Олжас Мамадәлі біздің елде кәсіпкерлікті тіркеу оңай екенін, бірақ оның қаншасының жұмыс істеп жатқанын анықтау қиын екенін айтады. Өйткені, еліміздегі көлеңкелі бизнесті қорғаштап отырғандардың көбі лауазымды адамдар екен. «Бұл ұсыныс ішкі  нарықты жалған кәсіпкерліктен тазартуға  мүмкіндік береді. Бірақ оларды тіркеу қандай тетіктер арқылы қиындаталатыны әзірге белгісіз. Үкімет шектеу шараларын тым қатаңдатып жіберсе, кәсіпкерлікті тіркеу жемқорлыққа шырмалып қалуы мүмкін» дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша бұл мәселе өте өткір тұр. ҰЭМ бұл жолы өздеріне соншалықты абырой әкеле қоймайтын шаруаны еңсеруге бел буып отыр. Елдің бизнес әлеуеті тіркелген ШОБ  санымен өлшеніп келді. Енді бизнестің санына емес, сапасына басымдық беріледі.

Бизнес-қоғамдастықтан   «жалған кәсіпкерлік» терминін анықтауды және барлық кәсіпорындарды бір бапқа сәйкес келтіруді тоқтатуды талап етеміз. Жалған  кәсіпкерлер бизнесті тіркетудің  жеңілдігінен кейбір салықтан  жалтарып келді» дейді ол. 

 Оның айтуынша, бұл өте қиын міндет. Егер Үкімет ұстанымына адал болса, шешімін табуға болады.

«Қазір бизнес пен биліктің ара -жігі бірігіп кеткен. Кейбір алпауыт компанияларың бөлшектеніп кеткен бизнесінің арғы жағында өте ықпалды шенеуніктер отырады.

---

Опубликовано: 2025-04-09T09:10:48+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:30:12+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-09-uem-zhumangharinning-zheke-kaesipkerlikti-tirkeudi-qiyndatu-turaly-usynysy-qyzu-talqygha-tuesip-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.