---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-09-zhaqsy-zhalaqy-alatyndar-salyqty-da-zhaqsy-toelejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жақсы жалақы алатындар салықты да «жақсы» төлейді

![Человек считает на калькуляторе и пишет отчет, Правила принудительного взыскания](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/almatinczev-preduprezhdayut-o-sdache-nalogovoj-otchetnosti-do-15-maya_bizmedia-kz_.jpg)

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеке табыс салығының прогрессивті ставкасын енгізу жоспарланып отырғанын айтты.  Маңызды бастамалардың бірі – жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесін енгізу.  

[![Фото: Depositphotos.com / minervastock](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/almatinczev-preduprezhdayut-o-sdache-nalogovoj-otchetnosti-do-15-maya_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/almatinczev-preduprezhdayut-o-sdache-nalogovoj-otchetnosti-do-15-maya_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Depositphotos.com / minervastock

> «Мәселен, жылдық табысы 8 500 айлық есептік көрсеткіштен асатын (33,4 млн теңге) қызметкерлер үшін жоғары 15% мөлшерлемені белгілеу ұсынылады. Бұл жоғары табысқа қосымша салық салынатын тетікті құруға мүмкіндік береді», - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ жаңа Салық кодексінде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістерге 10%  корпоративтік табыс салығын салу норма көзделген. Жұманғариннің айтуынша, қазір олар салықтан босатылған.

Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілері шығарған бағалы қағаздар бойынша кірістерге салық салу ұсынылады.

> «Бұл ретте экономиканың нақты секторын қолдау және инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар тарту үшін «Бәйтерек» холдингі шығарған бағалы қағаздардан түсетін кірістерді 2030 жылға дейін салық салудан босату ұсынылады. Бұл экономикаға жыл сайын 10 трлн теңге қаражат салуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Осылайша, оның айтуынша, ұсынылып отырған салық реформасы өз кірістерін жасырып жүрген жосықсыз салық төлеушілерге бағытталған. «Байлар көбірек төлеуі тиіс», деп атап өтті министр.

> «Салық реформасынан біз не аламыз?», - деген сауалға жауап берген ҰЭМ Жұманғарин нәтиже елеулі болатынын айтты.

Жылына қосымша 4-5 трлн теңге түсім. Ұлттық қорға тәуелділікті төмендету. Бюджет өзін-өзі қамтамасыз етеді.

> «Иә, өзгерістер инфляцияға әсер етуі мүмкін, бірақ бұл әсер уақытша болады және бір жылда таусылады. Біздің есептеулеріміз бойынша қосымша инфляция 2,5-3% дәлізінде болады деп күтілуде» деп сөзін түйіндеді министр.

---

Опубликовано: 2025-04-09T08:20:15+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:30:16+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-09-zhaqsy-zhalaqy-alatyndar-salyqty-da-zhaqsy-toelejdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.