---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-10-supergigant-ministrlikter-men-gipergigant-ulttyq-kompaniyalardyng-daeuirine-keler-tolqyn-dinozavrlar-daeuiri-dep-qarajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Супергигант» министр­­ліктер мен «гипергигант»  ұлттық компаниялардың дәуіріне келер  толқын динозаврлар дәуірі деп қарайды

![Чиновники в Казахстане](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/11/pravitelstvo-proigralo-senatu-byudzhetnye-debaty_bizmedia-kz_.jpg)

[![Источник: сцена создана с помощью нейросети OpenAI](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/11/pravitelstvo-proigralo-senatu-byudzhetnye-debaty_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/11/pravitelstvo-proigralo-senatu-byudzhetnye-debaty_bizmedia-kz_.jpg)Источник: сцена создана с помощью нейросети OpenAI

Оларға табына қарайтын толқынның соңы біз шығармыз деген үміт бар.   Қазақстанда шенеуніктерді қысқартудың жаңа толқыны жақындап қалды.  Мәжіліс отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту және квазимемлекеттік сектор шығындарын қысқарту туралы айтып берді.

«Президент әкімшілігі басшысының басшылығымен елдің түрлі салалардағы шығыстарын оңтайландыратын жұмыс тобы құрылғанын жасырмаймын. Мен онда кіші топты басқарамын. Біз бірқатар ұсыныстар дайындадық, жақын арада оларды келісеміз, имплементация басталады. Ең алдымен, біз ведомстволық бағынысты ұйымдардағы қызметкерлер санын қысқартатын боламыз. Штатты қабылдауға, жаңа ғимараттар, құрылыстар салуға және т.б. мораторий енгіземіз. Қазір бұл жұмыс қолға алынды, тек біздің салада ғана емес»  деді ол.

Сарапшылардың айтуынша, ҰЭМ Серік Жұманғариннің мемлекеттік шығын мен мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартамыз деген бастамасы жаңалық емес

. Айта кетейік, 2020 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания жұмысшыларының санын қысқарту керектігін, 2024 жылға дейін еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер санын 25 пайызға қысқартуды тапсырған болатын. «Биыл оны 10 пайызға, келер жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. 2021 жылы мемлекеттік органды 25 пайызға қысқарту жоспарын орындаймыз. Қорытынды бойынша және цирфландыру нәтижелеріне сәйкес, одан әрі қысқарту бойынша шешім қабылдаймыз. Қысқарту есебінен қалған мемлекеттік органдардың жалақысын көтеруге жұмсалады» дейді Президент.

**Бес жылдан бері****министрлікте, не ұлттық компанияда қанша адам қысқартыла****ды деген мәлімет ашық айтылған жоқ.**

«Президент айт­қан қысқарту науқаны қашан баста­лады?» деген сауал қазір ақжемденіп, сары тіске  айналды.

Шенеу­ніктер армиясы мен квазисектор персоналын ықшам, жинақы күйге келтіру уақыт талабы.

- «супергигант» министр­­ліктер мен ұлттық компаниялардың дәуіріне бүгінгі толқын динозаврлар дәуірі деп қарайды.
-  Жаңа құры­лымдар халықтың және эко­но­миканың нақты мәселелерін шешуге күш-жігер шоғырлан­дырғаны жөн.
- барша азаматқа түсі­нікті, қысқа әрі нұсқа ұлттық жоба фор­ма­тына көшеді.
- Мемлекет жұрт­шы­лыққа жоғарыдан қабақ түйе қара­май, қоғамға сенім білдіруі керек. Бұл да Президенттің тапсырмасы.

Осыған дейін  мәжілісмен Азат Перуашевтың айтуынша,  әлем бюджет шығындарын, ең алдымен мемлекеттік аппаратты ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқартады.

-  АҚШ та американдық саясатты ондаған жылдар бойы жүргізіп келген USAID агенттігін жапты.
- Ұлыбританияда жақында үкімет жанындағы 300 агенттік жұмысының тоқтатылғаны және мыңдаған қызметкердің қысқартылғаны туралы хабарлады.
- Әлемде жаңа жаһандық дағдарысқа дайындық жүріп жатыр, ол қазақстандық шенеуніктер үшін, әр көктем сияқты, тағы да күтпеген жерден келеді.

**Қазақстандықтардың мемлекеттік қызметке деген ықыласының ала-бөтен екені шетелдіктерді де таңқалдырады**

Қазақстанда 20 жылдай тұрған түрік азаматы Ахмет Аляз кезінде журналистермен кездескен кезде осылай деп, мұны өз еліндегі жағдаймен салыстырған.    Түркияда  жастар бизнес арқылы мемлекеттік саясатқа ықпал етсе, Қазақстанда, керісінше, билік арқылы мемлекеттік  саясатқа ықпал еткісі келетіндердің қарасы басым. Бізде бизнес пен биліктің ара-жігінің бірігіп кетуіне, экономикадағы мемлекеттің үлесін азайта алмай отырғанымызға осы себеп болса керек.

Келесі сарапшы Б. Зиябеков ірі деңгейлі мемлекеттік қызметкердің шығынын өтеуге оның жалақысынан 10 есе көп ақша жұмсалатынын айтады. Мысалы  жалақысы 700 000 теңге болса, онда бір қызметкердің жалпы шығыны айына 5 млн теңгеден асып кетеді. Бірақ нәтиже аз. Сарапшы айтып өткендей, тек мем қызметкер емес, мемлекеттік шығындарды, шенеуніктердің жүріс-тұрысына жұмсалатын шығындарды қысқартатын кез келді. Мысалы, Алматыда немесе Астанада өтетін жиынға шенеунік онлайн арқылы қатысуға да мүмкіндігі бар. 

«Бюджетті үнемдеу қажет. Мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту арқылы әлеуметтік бағдарламаларға, денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылымды дамытуға көбірек ақша бағыттауға болады» дейді Б. Зиябеков.  

Б. Зиябековтың айтуынша, мемлекет мемлекеттік қызметкер, квазисектордағы қызметкерлер санының шекті дәлізден аспауын қатаң бақылауда ұстау керек. Бақылаудың жоқтығынан мемлекет басшысының 2020 жылғы ұсынысын әлі күнге дейін орындай алмай келеміз. Оның айтуынша, экономикасы дамымаған, бизнес климатында еркіндік жоқ елдерде мем қызметтің бәсі жоғары тұрады. 

«Қысқартуды  Астанада орналасқан министрліктерде, ведомстволарда және агенттіктерден бастап,  облыстық әкімдіктерде аудит жүргізілуі тиіс. Біздің нарық кеңістігі шектеулі болғандықтан, министрдің кемі 5 көмекші мен орынбасар, облыс,   аудан әкімдерінің басы артық штатты ұстап отыруы артық шығын» дейді   Б. Зиябеков.

---

Опубликовано: 2025-04-10T08:17:45+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:30:04+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-10-supergigant-ministrlikter-men-gipergigant-ulttyq-kompaniyalardyng-daeuirine-keler-tolqyn-dinozavrlar-daeuiri-dep-qarajdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.