---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-14-edb-men-mqu-tutynushylardyng-problemalaryn-birinshi-kezekte-sheshuge-talpynady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ЕДБ мен МҚҰ тұтынушылардың проблемаларын бірінші кезекте шешуге талпынады

![Продажа имущества банкротов может стать проще в Казахстане](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/business-men-sitting-lawyers-s-desk-people-signing-important-documents.jpg)

Заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту[ агенттігі](https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm?lang=kk&#038;utm_source=in_materials) мен [Ұлттық Банк](https://www.nationalbank.kz/kz?utm_source=in_materials) бірге дайындаған.

[![Фото: prostooleh / Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/business-men-sitting-lawyers-s-desk-people-signing-important-documents-1024x683.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/business-men-sitting-lawyers-s-desk-people-signing-important-documents.jpg)Фото: prostooleh / Freepik

Оған Еуропа қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Oliver Wyman, KPMG, Dentons секілді қаржы ұйымдарының сарапшылары да көмектесті.

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, банктер туралы жаңа заң жобасы жеті негізгі бағытты қамтиды.

·         Лицензиялау жүйесін жаңғырту

Жаңа субъектілердің нарыққа шығуын жеңілдететін, бәсекенің күшеюіне ықпал ететін базалық банктік лицензия енгізіледі.

·        Халыққа қаржылық қызмет көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптар күшейтіледі. Өзгеріс қаржы жүйесіне деген сенімді нығайтуға бағытталған.

·        Ислам банкингін дамыту үшін жағдай жасалады. Әмбебап банктерге ислам қаржы жүйесі қызметін жүзеге асыруға қосымша лицензия алуға мүмкіндік беріледі.

** Тұтынушы құқықтарын қорғауды күшейту**

·        Кешенді қадағалау жүйесі құрылады.

·        Ақпаратты жария ету бойынша талаптар күшейтіледі.

·        Қаржы ұйымдарының жауапкершілігі енгізіледі.

Қаржы ұйымы бірінші кезекте тұтынушылар өтінішін қарауға және шешім қабылдауға міндетті. Бұдан әрі дауды қаржы омбудсмені қарайды.

·        Төлемге қабілетсіз банктерді реттеу

·        Реттеудің үш сатылы жүйесі енгізіледі.

·        Қаржы мекемесі төлемге қабілетсіз банк деп танылса, реттеу тетігі іске асырылады.

 Мақсат – мемлекеттік қолдауды барынша азайту.

**Халықаралық стандарттар**

Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк ұсыныстарына сай өзгерістер. Пруденциялық талаптарды күшейту, макропруденциялық реттеу құралдарын кеңейту, сонымен бірге тәуекелдерді басқару, ішкі аудит және комплаенс сияқты негізгі блоктар басшылары үшін біліктілік стандарттарын белгілеу жоспарланып отыр.

 **Несие беруді ынталандыру**

·        Синдикатталған кредиттерді дамыту, кепіл қорын құру және факторинг сияқты құралдарды ілгерілету.

·        Ол шағын және орта кәсіпкерлердің қаржы алу мүмкіндігін арттыру, экономикадағы іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.

**Банк заңнамасын жаңарту**

·        Заңнама ескірген, қайталанатын ережелерден тазарады.

·        Акционерлерге және басшы құрамға қойылатын талаптар жүйеленеді.

·        Ұлттық цифрлы қаржы инфрақұрылымды дамыту

**Жетінші бағыт технологиясы дамыған және орнықты қаржы жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Осы мәселеге қатысты ұсынысты Ұлттық Банк дайындайды**

Әбілқасымованың айтуынша, банктер туралы жаңа заң жобасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қыркүйекте жариялаған жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында дайындалған. 

> «Жаңа тәсілге сәйкес, қаржы ұйымы бірінші кезекте тұтынушылардың өтініштерін қарап, шешім қабылдауға міндетті. Бұдан әрі дауды қаржы нарығындағы дауларды сотқа дейін реттеудің негізгі тетігі болып табылатын қаржы омбудсманының бірыңғай қызметі қарауы мүмкін»  деді Әбілқасымов дүйсенбі күні банктер және банк қызметі туралы заң жобасы бойынша өткен дөңгелек үстелде.

Оның мәліметінше, ақпаратты ашу бойынша талаптар күшейтілді, жосықсыз практикалар шектелді, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру үшін қаржы ұйымдарының жауапкершілігі енгізілді.

·        Бұдан басқа, заң жобасының бір бағыты мінез-құлықтық қадағалауды дамытумен және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтумен байланысты.

·        Реттеу негiзiнде қаржы өнiмдерiн әзiрлеудi, жарнамалауды, ұсынуды және мониторингтi қоса алғанда, оларды басқару кезiндегi жауапкершiлiк қағидаттарын бiрiктiретiн тәсiл салынған.

---

Опубликовано: 2025-04-14T09:05:17+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:31:56+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-14-edb-men-mqu-tutynushylardyng-problemalaryn-birinshi-kezekte-sheshuge-talpynady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.