---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-25-salyq-reformasy-baghalar-salyq-kodeksining-qol-qojghan-kuetpej-aq-oesip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Салық реформасы:  Бағалар  Салық кодексінің қол қойған күтпей-ақ өсіп жатыр

![Важно. Налоги в Казахстане оптимизируют на 20%](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/vazhno.-nalogi-v-kazahstane-optimiziruyut-na-20_bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/vazhno.-nalogi-v-kazahstane-optimiziruyut-na-20_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/vazhno.-nalogi-v-kazahstane-optimiziruyut-na-20_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Freepik

Алматыда мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер, жетекші сарапшылар қатысқан форумда бюджет тапшылығы, көлеңкелі экономика, салықтан жалтару және бизнесті бөлшектеу секілді мәселелер реформа жасауға итермелеп отырғаны туралы сөз болды.

Жаңа кодекске сәйкес, жалпы салық режимі (ЖСР) бойынша ҚҚС есебіне қою шегі 40 млн теңгеге дейін төмендетіледі. Ал АСР алынып тасталады. ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға көтеру жоспарланып отыр. Сарапшылар бұл өзгерістердің бір мезгілде енгізілуі бизнесті қиын жағдайда қалдыратынын айтып, өзгерістер кезең-кезеңімен жасалса, бейімделу жеңіл болар еді деген ұсынысын жеткізді. Форум спикері, бухгалтер Анастасия Макованың сөзінше,  бағалар  Салық кодексінің қол қойған күтпей-ақ өсіп жатыр. «ҚҚС -тың өсуін компенсациялау үшін тауар бағасын көтереді. Үй маңындағы дүкен олардан тауарды жоғары бағаға сатып алады, оған өз бағасын қосады. Нәтижесіде ҚҚС барлық тұтынушының иығына артылады», — дейді форум спикері, бухгалтер Анастасия Макова.

Форум ұйымдастырушысы және басты спикерлердің бірі, «Қазақстан салықтары» қауымдастығының төрағасы, сарапшы Екатерина Кимнің айтуынша, банктік қызметтерге ҚҚС салып, банктерге КТС-ын 20-дан 25 пайызға көтеру арқылы біз бизнесті қолма-қол есеп айырысуға итермелейміз. Оның ойынша бұл  көлеңкелі экономикамен күресу емес, оны тереңдету. «Бізде цифрландыру өте жақсы дамыған. Біз цифрландырудың көмегімен-ақ  көлеңкелі экономикамен күресе аламыз. Әлемнің бірде-бір дамыған елінде қаржы қызметтеріне ҚҚС салынбайды. Бұл Қазақстанда барлық тауар мен қызметтің бағасының күрт қымбаттауына әкеледі» дейді сарапшы,

## АСР-дің тыйым тізімі туралы

Жаңа реформаға сәйкес Қазақстанда АСР бойынша тыйым салынған қызметтер тізімі пайда болады. Бұған қызметтер мен тауар бағасын белгілеуге әсер ететін салалар — шағын құрылыс компаниялары мен логистикалық компаниялар енуі мүмкін. Салық сарапшысы Екатерина Кимнің айтуынша, сатып алушы, шығындарды шегере алмайды. Салық шегерімі сіздің төлейтін корпоративтік табыс салығыңызды азайтуды білдіреді.

Жалпы сарапшылардың ортақ пікірі — көлеңкелі экономикамен, бюджет тапшылығымен күресіп, қазынаны толтыру қажет. Бірақ жаңа Кодексте көрсетілген кейбір шаралар ел экономикасына теріс әсер етуі мүмкін. Сарапшылар реформаны кешенді және байыпты түрде жүргізуге шақырады.

---

Опубликовано: 2025-04-25T16:56:33+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:38:26+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-25-salyq-reformasy-baghalar-salyq-kodeksining-qol-qojghan-kuetpej-aq-oesip-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.