---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-28-resej-banki-negizgi-moelsherlemeni-rekordtyq-21-denggejinde-saqtap-qaldy-atalghan-koersetkish-resej-tarihyndaghy-eng-zhoghary-koersetkish/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ресей Банкі негізгі мөлшерлемені рекордтық 21% деңгейінде сақтап қалды. Аталған көрсеткіш — Ресей тарихындағы ең жоғары көрсеткіш

![В случае реализации рисков в России ЦБ окажет поддержку банкам, подобно США](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/v-sluchae-realizaczii-riskov-v-rossii-czb-okazhet-podderzhku-bankam-podobno-ssha.jpg)

Сарапшылардың айтуынша, РФ қаржы сегментіне шегінерге орын жоқ. Бұл ресей тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш.  

[![Фото: РИА Новости/Максим Блинов](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/v-sluchae-realizaczii-riskov-v-rossii-czb-okazhet-podderzhku-bankam-podobno-ssha-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/v-sluchae-realizaczii-riskov-v-rossii-czb-okazhet-podderzhku-bankam-podobno-ssha.jpg)Фото: РИА Новости/Максим Блинов

Ресей Банкі (Орталық банк) негізгі пайыздық мөлшерлемені 21% деңгейінде сақтап қалды. Бұл туралы реттеушінің ресми сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында [айтылған](https://www.cbr.ru/press/keypr/?utm_source=in_materials&#038;utm_source=in_materials#:~:text=%D0%9D%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8-,%D0%91%D0%B0%D0%BD%D0%BA%20%D0%A0%D0%BE%D1%81%D1%81%D0%B8%D0%B8%20%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%BD%D1%8F%D0%BB%20%D1%80%D0%B5%D1%88%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%20%D1%81%D0%BE%D1%85%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%82%D1%8C,%D0%BD%D0%B0%20%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%BD%D0%B5%2021%2C00%25%20%D0%B3%D0%BE%D0%B4%D0%BE%D0%B2%D1%8B%D1%85&#038;text=%D0%A1%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D1%82%20%D0%B4%D0%B8%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B2%20%D0%91%D0%B0%D0%BD%D0%BA%D0%B0%20%D0%A0%D0%BE%D1%81%D1%81%D0%B8%D0%B8%2021,%D0%B2%D1%8B%D1%81%D0%BE%D0%BA%D0%B8%D0%BC%2C%20%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%20%D0%B2%20%D1%83%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%B9%D1%87%D0%B8%D0%B2%D0%BE%D0%B9%20%D1%87%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8.). Аталған көрсеткіш — Ресей тарихындағы ең жоғары мөлшерлеме және алғаш рет 2024 жылдың қазанында енгізілген. Содан бері бұл деңгей өзгермеген.

Ресейдің  Орталық банк таратқан деректерде  инфляциялық қысым, оның ішінде орнықты факторлар бойынша, біртіндеп төмендеп жатса да қысым әлі сейілмегені айтылған.

> «Қазіргі инфляциялық қысым, оның ішінде орнықты факторлар бойынша, біртіндеп төмендеп жатыр, бірақ әлі де жоғары болып қалып отыр. Ішкі сұраныстың өсуі тауарлар мен қызметтер ұсынысының кеңею мүмкіндігінен әлі де айтарлықтай жоғары», — деп атап өтті ОБ.

Сондай-ақ ОБ деректерінде айтылғандай,   Ресей экономикасы біртіндеп теңгерімді өсу траекториясына қайта орала бастағанымен,  нфляция 4%-дық мақсатқа  жету үшін үшін уақыт керек.  Бұл мақсатқа тек  2026 жылы ғана жете алады.

**Ал 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы маусымдық түзетілген инфляция 8,3%-ды құрады**

> «Бұл — қатаң ақша-несие саясатының ұзақ уақыт бойы жалғасатынын білдіреді. Алдағы уақытта негізгі мөлшерлемеге қатысты шешімдер инфляция мен инфляциялық күтулердің төмендеу қарқыны мен тұрақтылығына байланысты қабылданады», — деп мәлімдеді реттеуші.

Мұның алдында да, 21 наурыздағы алдыңғы отырыста да ОБ негізгі мөлшерлемені 21% деңгейінде қалдырған   кезде  4% нысаналы көрсеткішіне жетуге мүмкіндік бермесе, мөлшерлемені көтерілетінін айтқан болатын. .

Осы айда Қазақстан Ұлттық Банкі де базалық мөлшерлеме бойынша шешім шығарды. Реттеуші көрсеткішті 16,5% күйінде сақтап [қалды](https://kz.kursiv.media/kk/2025-04-11/mtzh-bazalyq-molsherleme-4/?utm_source=in_materials). 

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің қаржы нарығындағы жағдай базалық мөлшерлемені бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретінін айтқан болатын. Енді жағдай өзгерді: РФ валютасы АҚШ доллары гана емес, еуромен де  теке-тіресін жағдайга жетіп қалды.

Қаржыгер Ілияс  Исаевтың айтуынша, Ресейге қарап көш түзей беретін кез өткен күннің еншісінде қалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады. Ұлттық банктің  РФ Орталық банкке қаншалықты тәуелді екені сол кезде мәлім болады.

---

Опубликовано: 2025-04-28T07:08:53+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:38:21+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-28-resej-banki-negizgi-moelsherlemeni-rekordtyq-21-denggejinde-saqtap-qaldy-atalghan-koersetkish-resej-tarihyndaghy-eng-zhoghary-koersetkish/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.