---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-29-qazaqstan-aughanstan-zherinde-eng-auqymdy-zhobanyng-baghyty-naqtylanyp-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан Ауғанстан жерінде ең ауқымды жобаның бағыты нақтыланып қалды

![Нефтяная платформа вечером выкачивает нефть](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/neft-vyrosla-na-1-posle-ataki-husitov-na-toplivnyj-tanker-v-krasnom-more-bizmedia.kz_.jpg)

Тәліптер Қазақстанға Ауғанстанның кен орындарын зерттеуге рұқсат бергені өткен аптада белгілі болды.

[![Фото: Reuters](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/neft-vyrosla-na-1-posle-ataki-husitov-na-toplivnyj-tanker-v-krasnom-more-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/neft-vyrosla-na-1-posle-ataki-husitov-na-toplivnyj-tanker-v-krasnom-more-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Reuters

Оның алдында  Қабул қаласында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстан Ислам Әмірлігінің кен өндіру және мұнай министрі Хедаятулла Бадримен кездескен кезде  пайдалы қазбалардың әлеуетті кен орындарын зерттеуге қолдау көрсететінін айтқан. Нақтыласақ: 

> «Қазақстан геологиялық барлау, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласында тәжірибесі бар кәсіби тау-кен компаниялары пулын құрды. Бұл компаниялар әлеуетті кен орындарын іздеуге және инвестиция салуға мүдделі. Осы бағытты талқылау үшін қазақстандық делегация құрамында ERG Exploration, Kazakhmys Barlau және «Қазатомөнеркәсіп» компанияларының өкілдері келді», – деген Серік Жұманғарин.

- Кездесу барысында ауған тарапы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және қазақстандық мамандардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
- Тараптар барлық туындаған мәселелерді жедел талқылау үшін бірлескен техникалық комиссия құруға уағдаласты.
- Мамыр айының соңында Қазақстан тарапы Ауғанстанның басқа провинцияларындағы әлеуетті кен орындарын зерттеу үшін тағы бір мамандар тобын жібермек.
- Ауған тарапы қазақстандық тау-кен компанияларының сұранысы бойынша табиғи ресурстардың расталған қоры туралы мәліметтер беруге дайын екенін білдірді

 Айтпақшы, Қырғыз Республикасы да біз секілді Ауғанстаннан алтын өндіруге қызыққан. Дегенмен нақты қандай келісімдер жасасқаны беймәлім.

АҚШ  ғалымдардың есебінше, Ауғанстан үндістандық және Азияның субқұрлықтары түйіскен әлемдегі аса бай пайдалы қазбалар кеніштері орналасқан жерде тұр. 60 млн тонна мыс, 2,2 млрд тонна темір кені, 1,4 млн тонна лантан, церий, празедоим сияқты сирек кездесетін элементтер мен алюминий, алтын, күміс, мырыш, сынап пен литий элементтерінің кендері бар. Ауғаныстанның жер қойнауында лтыннан бастап, осы заманғы технология мен техникада кеңінен қолданылатын стратегиялық маңызы зор әрі тапшы ресурстарға (сирек кездесетін металдар мен минералдар бар. Ғасырлар бойғы соғыстардан зардап шеккен елдегі режимнің өзгеруінен кейін табиғи байлықты, адами капиталды және Ұлы Жібек жолының орталығын кім басқаратыны белгісіз болып тұр. Ауғанстан мұның бәрін қазып, сата алмады. Ал түскен ақшаны халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, медицинаға, білім мен ғылымға жұмсауға қауқарсыз болды.

- 2010 жылы Пентагонның жұмыс тобы ауғанның табиғи байлықтарын   908 млрд доллар деп бағалаған.
- ауған үкіметінің бағалауынша ол 3 трлн доллар.

---

Опубликовано: 2025-04-29T03:32:16+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:39:37+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Бизнес](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/biznes/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-29-qazaqstan-aughanstan-zherinde-eng-auqymdy-zhobanyng-baghyty-naqtylanyp-qaldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.