---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-30-uekimet-qosylghan-qun-salyghyna-qatysty-ustanymyn-oezgertti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үкімет қосылған құн салығына қатысты ұстанымын өзгертті

![Человек работает на калькуляторе](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/chto-otvetil-kuantyrov-na-predlozhenie-snizit-stavku-nds-bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: iStock.com / fizkes](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/chto-otvetil-kuantyrov-na-predlozhenie-snizit-stavku-nds-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/chto-otvetil-kuantyrov-na-predlozhenie-snizit-stavku-nds-bizmedia.kz_.jpg)Фото: iStock.com / fizkes

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер үшін 5 процент көлемінде төмендетілген құн салығын белгілеуге шешім қабылданды.

Салық кодексінің соңғы нұсқасында үкімет ақылы медициналық қызметтерге 10 проценттік қосылған құн салығымен бірге 10 процент көлемінде корпоративті табыс салығын белгілеу нормасын енгізген болатын. Депутаттар осы мәселеге қатысты «бұл - жарым-жартылай шешім» деп қарсылық білдірген.

 құн салығы енгізілсе, ақылы қызметтер де, дәрі-дәрмек те қымбаттайды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бүгін ғана үкімет бір шешімге келді.

"Біз 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер үшін 5 процент көлемінде төмендетілген құн салығын белгілеуге шешім қабылдадық. Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің тізімі жасалады. Мемлекеттік аурухана болсын, жеке меншік мекеме болсын, тізімге енген қызметтер мен дәрі-дәрмектер қосылған құн салығынан босатылады", - деді Әлназарова үкіметте өткен брифингте.

Министрдің айтуынша:

-  жеке меншік емханалардағы палиативтік және онкологиялық көмек те құн салығынан босатылатын болады.

Ал тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру қызметтері бұрынғыдай қалады. Осы салада қосылған құн салығы болмайды

---

Опубликовано: 2025-04-30T07:36:13+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:39:23+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-04-30-uekimet-qosylghan-qun-salyghyna-qatysty-ustanymyn-oezgertti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.