---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-02-bzhzq-qarzhysy-tutynushylyq-nesiege-zhumsalmajtynyn-ulttyq-bank-tuesindirip-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БЖЗҚ қаржысы тұтынушылық несиеге жұмсалмайтынын Ұлттық банк түсіндіріп берді

![Вывеска ЕНПФ на здании организации в Алматы](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-enpf-oprovergli-fakt-utechki-personalnyh-dannyh-kazahstanczev-bizmedia.kz_.jpeg)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 226 млрд теңгесі банктердің ұзақмерзімді облигацияларына инвестицияланған.

[![Фото: Официальная страница ЕНПФ в Facebook](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-enpf-oprovergli-fakt-utechki-personalnyh-dannyh-kazahstanczev-bizmedia.kz_-1024x576.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-enpf-oprovergli-fakt-utechki-personalnyh-dannyh-kazahstanczev-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: Официальная страница ЕНПФ в Facebook

Ұлттық банк бұл қаржының тұтынушылық кредитке бағытталмай, экономиканың нақты секторын несиелеуге жұмсалатынын  төмендегідей түсіндіріп берді.

«Банктер тартқан қаражатты мақсатты пайдалану Қазақстан қор биржасының сайтында орналастырылатын облигация шығару проспектісімен бекітілген. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп тартылған қаражатты банктердің қалай игеріп жатқанына мониторинг жүргізеді», - дейді Ұлттық банк.

Банктерге талаптар сақталмаған жағдайда жүктелетін жауапкершілік те айқындалған.

«Мәселен, облигациялар проспектісінде белгіленген ковенанттар бұзылған, оның ішінде олар тартылған қаражат уақтылы игерілмеген жағдайда, банк игерілмеген немесе мақсатсыз пайдаланылған қаражатқа БЖЗҚ алдындағы облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге міндетті», - дейді Ұлттық банк.

**Біздің байлам**

Біздегі банктердің беретін несиесінің 70 пайызы тұтынушылық несие екені, осы несие арқылы банктердің акционерлері көл-көсір пайдаға кенеліп отырғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  корпоративтік секторды қаржыландыру осал тартып тұрғанын кейінгі соңғы Жолдауларының бәрінде сынады, ЕДБ-тің  өткен жылғы табысы, биылғы төрт айдағы табысы туралы деректер құпия емес.

Банктер нақты секторға ұзақ мерзімді әрі арзан несие беруге неге құлық танытпай жүргені белгілі. Ондай экономикалық жобаларға несие беру деген – банк үшін тәуекелге барумен тең. Жобаның соңы сәтсіз аяқталса, ақшасын өндіре алмай қиналуы мүмкін. Экономикаға қажет ақша әр жерде игерілмей, жасырулы жатуы да мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, Қытайдан бізге жіберілген заттардың құндарында айырмашылығы өте көп екен. Ол жерде де кемі бойынша 1 трлн дейін өндіріп алуға болады. Бұл мәселенің қай-қайсысы да бүгін белгілі болып отырған жоқ. Әртүрлі интерпретацияда үнемі айтылып жүр. Тек ереженің өзгеруіне мүдделі емес топтардың тегеурініне төтеп беру қиынға соғып тұрған сияқты...

---

Опубликовано: 2025-05-02T11:14:43+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:39:07+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-02-bzhzq-qarzhysy-tutynushylyq-nesiege-zhumsalmajtynyn-ulttyq-bank-tuesindirip-berdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.