---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-02-qazaqstandyq-turisterding-syrtqy-aelemdi-koeruge-zhumsalghan-shyghyny-1-trln-tenggeden-asty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандық туристердің сыртқы әлемді көруге жұмсалған шығыны 1 трлн теңгеден асты

![Туристка с картой и фотоаппаратом](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/pochemu-v-kazahstane-otmenili-turistskij-sbor_bizmedia.kz_.jpg)

2024 жылдың көрсеткіші туралы деректер Ұлттық статистика бюросының деректерінде айтылған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы 11,2 млн қазақстандық туристік сапарға шықты, оның 1,3 млн азамат шетелге барды.

[![Фото: jcomp / Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/pochemu-v-kazahstane-otmenili-turistskij-sbor_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/pochemu-v-kazahstane-otmenili-turistskij-sbor_bizmedia.kz_.jpg)Фото: jcomp / Freepik

Біздің елге келген  шетелдік туристер 2024 жылы 2,6 миллиард доллардан астам қаражат жұмсағаны Ұлттық банк деректерінде айтылады. Алыс шетелден келген бір туристің орташа шығыны 1200-1500 АҚШ долларын құрайды.

Ең көп қаржы жұмсаған шетелдік азаматтар төмендегідей:

- Қытай — 307 млн доллар
- Германия — 56 млн доллар
- Түркия — 53 млн доллар
- АҚШ — 47 млн доллар

Сыртқа барған туристеріміздің шығыны 957,7 млрд теңге, біздің елге келгендерінің шығыны 582,7 млрд теңгеге. БҰҰ, Дүниежүзілік туристік ұйымы және Халықаралық валюта қоры туризмнің табысы жылына 3,5 трлн АҚШ долларына жеткенін айтады. Бұл әлемдік жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 10,9%-на, ал инвестициялардың 7%-на тең.

Мұндай ақпаратты өткен жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары жариялады.

## Біздің байлам

Туристік индустрия өкілдерінің  айтуынша, біздің елде туризм индустриясына бөлінген қаржыға мониторинг жасау мүмкін емес. Туризм арбаның бесінші доңғалағы сияқты әртүрлі министрлікке тіркесіп жүреді

Қазақстанға келетін туристер саны Әзербайжан, Грузия, Өзбекстанмен салыстырғанда төмен. Көрсетілетін қызмет 1халықаралық стандарттар жүйесіне сай емес. Туризмді дамытуға қаржы жоқ, ақша бөлінбейді деу қисынсыз. Ықылас жоқ. Қазір тек есеп берумен отыр. Өйткені қымбат мұнай бағасына иек артуды білетін үкімет әлі ашыққан жоқ. Туризм министрлігін ашпай болмайды.

---

Опубликовано: 2025-05-02T11:27:58+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:40:47+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/), [Саяхаттар](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/sayahattar/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-02-qazaqstandyq-turisterding-syrtqy-aelemdi-koeruge-zhumsalghan-shyghyny-1-trln-tenggeden-asty/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.