---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-05-qytajlyqtar-qazaqstannyng-koemir-naryghyna-kiredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қытайлықтар Қазақстанның көмір нарығына кіреді 

![Угольный карьер](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/ugol.jpg)

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтің бүгінгі отырысында жаңа перспективті бағыт ретінде көмір-химиясы секторын дамыту пысықталып жатқанын, осы мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда China Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

[![Фото: РИА Новости / Александр Кряжев](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/ugol-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/ugol.jpg)Фото: РИА Новости / Александр Кряжев

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Паңбаевтың сөзінше, қазір екі компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Паңбаевтың сөзінше, East China Engineering and Technology компаниясы келіссөздер өз мәресіне жеткен. Олар бойынша техникалық-экономикалық негіздерді әзірлеуге шарттар жасалды. 

> «Қаражыра кен орнының көмірлерін сатып алып, соны өңдеп, соның негізінде аммиак пен карбомит алу мәселесі қарастырылып отыр. Ол жерде 250 мың тонна көмірді өңдеп, 400 жұмыс орнын ашып, 300 млн АҚШ долларына жуық инвестиция салу көзделген. Бұл жерде кішкене жоба ілгерілеген», - дейді ол.

## **Көмір химиясы теориялық тұрғыда жақсы зерттелген **

Кезінде Ебіней Бөкетов 1980 жылы бензин алуға болатынын ғылыми дәлелдеп, жоғары деңгейге көтерген. Енді шәкірті ретінде сол жұмыс біздің мойнымызда. Бұл баламалы шикізат. Мұнайдан қанша зат алынса көмірден де сонша өнім өндіріледі. Бізге тек қаржыландыру көзі керек.

Ғалымдардың айтуынша, Көміртекті наноматериалдар алу үшін сутекті сақтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Графен, көміртекті нанотүтікшеде жоғары тоқтың әсерінен көміртекті материалдарды буландыру арқылы жаңа наноматериалдар алынады. Оны литий батареялар, суперконденсаторларға қолданады. Көлікке керек өткізгіш материалдар қазір көбіне шетелден жеткізіледі. Соны алмастыру қажет.

## **Жоғарғы Соқыр қоңыр көмір кен орнында 2,5 млрд тонна қор бар. Сол қоңыр көмірден химиялық заттар алу қолайлы******

Осы ретте химия ғылымының докторы Болат Ермағамбеттың айтуынша, Қазақстанда 41 көмір кеніші бар. Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында шоғырланған. Қарағандыда негізінен тас көмір. Ал, Жоғарғы Соқыр қоңыр көмір кен орнында 2,5 млрд тонна қор бар. Сол қоңыр көмірден химиялық заттар алу қолайлы.

> «Майкүбі бассейнінде де қоңыр көмір. Сосын Торғай көмір бассейні көлемі жағынан көп. Қоры 40 млрд тоннадан асады. Осы кен орнындағы қатты отын химиялық өңдеуге тартымды. Себебі, күлі аз, күкірті 0,5%. Ылғалдығы өте жоғары. Құсмұрын қоңыр көмірін де терең өңдеуге болады. Сондай-ақ жұрт Шұбаркөл көмірін жақсы көреді. Өйткені, күлі төмен. 6-8%. Қағаз сияқты жанғыш. Құрамындағы шайыр 14-18% ғана. Бұл тіпті жанармай алуға жарайды», - дейді сарапшы.

## **Қытайда**

Қытайда мұнай мен газдың үлкен қоры жоқ, бірақ көмірдің жеткілікті үлкен қоры бар. Көмірді таза және жоғары тиімді пайдалану энергетикалық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қытайда көмірді үш түрлі тәсілмен пайдаланады: тікелей жағу, кокстеу және газдандыру. Соңғы тәсіл ең таза, бірақ ең күрделі тәсіл болып табылады. Көмірді газдандыру технологиясы химиялық шикізат және экологиялық таза отын өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Бүгінгі таңда көмір ресурстарының 7 пайызы ғана осындай тәсілмен өңделеді.

---

Опубликовано: 2025-05-05T12:09:06+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:40:21+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-05-qytajlyqtar-qazaqstannyng-koemir-naryghyna-kiredi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.