---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-06-olzhas-qizatov-ulttyq-bank-pen-qndra-da-mikroqarzhy-ujymdarynyng-zharnamasyna-tyjym-sala-almajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Олжас Қизатов: Ұлттық банк пен ҚНДРА-да микроқаржы ұйымдарының жарнамасына тыйым сала алмайды

![Реклама быстрых займов](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/mfo.jpg)

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов кеше журналистермен кездескен кезде микроқаржы ұйымдарының «агрессивті» жарнамасына қатысты өз пікірін айтты.

[![Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/mfo-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/mfo.jpg)Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков

Оның айттуынша, жарнама жолдау – әр микроқаржы ұйымының өз құқығы.

> «Сіздер біздің микроқаржы ұйымнан осындай несие ала аласыз», – дейді.

Несие алу немесе алмау әр азаматтың өз еркінде. Алғысы келсе, алады.

> «Олар жарнама ретінде жібереді, біз оларды қалай шектейміз? Кредит алуға оларды мәжбүрлемейді ғой. Жай ұсынысын жолдайды. Шарттарына келіссе алады, келіспесе алмайды. Жарнама берерде шектеуге біздің құқығымыз жоқ», - деді агенттік өкілі.

Несиені алмай тұрып жеті рет өлшеп, бір рет кесу туралы аз айтылып жүрген жоқ.  Казір ЕДБ несиесінің пайызы  қоғам үшін  қол жетімді деп айта алмайсыз. Бірақ одан несие көмегіне жүгініп жатқандардың саны кеміп жатқан жоқ.

Fingramota сарап­шылары тұтынушылық несие рәсімдер кезде қаржылық мүмкіндігіңізді алдын ала есептеп алуга кеңес береді. 

Өзіңіз үшін ең жақсы нұсқаны таңдап, менеджерден несие берудің барлық шарттарын: қарыз сомасы, төлемдер мерзімі мен мөлшері, несие алу немесе мерзімінен бұрын өтеу кезіндегі жеңілдіктерді  нақты­лап алыңыз.

Клиенттің өтініш берген күніне жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (нақты құны) туралы толыққанды кеңес беруге міндетті екенін білуі қажет.

Сонымен қатар олар сараланған және аннуитеттік деп бөлінетін кре­дитті өтеу әдістерін де қарасты­рыңыз.

Егер кредит рәсімдеу кезінде сіз сақтандыруды сатып алған болсаңыз, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтарып көруге болады. Қай­тару мүмкіндігі де шартта көрсетілген.

Мамандар банктік қарыздарды немесе микрокредиттерді, онлайн-кредиттерді тек Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар ұйымдардан ғана алу қажеттігін ескертеді.

**Жалпы, халықтың банктен қарыз алып, оны қайтара алмай жүруінің бас­ты­ себебі – несиенің қымбаттығында******

Қаржыгер Мұрат Темірхановтың айтуынша, ЕДБ ішкі­ жағ­дайды жеке құпия ретінде ұс­тай­­­­ды, Ұлттық банк әр банктегі қай­та­рыл­­­май қалуы мүмкін несиелер­ ту­ра­лы­ біл­­ге­­ні­мен,­ ешқандай шара қол­дан­бай­ды. Жалпы, халықтың банктен қарыз алып, оны қайтара алмай жүруінің бас­ты­ себебі – несиенің қымбаттығында.

«take-profit.org» бир­жа­лық порталында әлем елдеріндегі банк­тердің пайыздық мөлшері туралы ақпа­рат­ты табуға болатынын айтқан.

Мәселені ары қарай сабақтасақ,

- Кореяда бұл көрсеткіш – 3,5,
- Қытайда – 3,65, Германияда – 3,75,
- Англияда – 4,25,
- Канада – 4,5,
- АҚШ-та – 5,25 пайыз деңгейінде белгіленген.

Ал посткеңестік елдерге келсек,

Өзбекстан Ұлттық банкінің пайыздық мөлшері – 14, Қырғызстанда – 13, Тәжікстанда – 10, Әзер­байжанда – 9 пайыз деңгейінде.

## **Мұнай дәуірі жүріп тұрған кезде де біз несие деңгейін  13-14 пайыздан төменге түсіре амадық**

Қаржыгер Айбар Олжаевтың айтуынша, экономикамыздың деңгейі ЕДБ несиесінің пайызын дамыған елдердегі көрсеткішпен теңестіруге мүмкіндік жоқ, Тіпті мұнай дәуірі жүріп тұрған кезде де біз оны 13-14 пайыздан төменге түсіре амадық. Қазіргі деңгей біздің дамуымыздың көрсеткіші, Себебі ЕДБ қайырымдылық қоры емес, бизнес. Ол алдымен өзінің пайдасын ойлайды.

> «Бұл мәселеге нарықтық өлшеммен қарау керек», - дейді сарапшы.

---

Опубликовано: 2025-05-06T04:06:52+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:40:11+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-06-olzhas-qizatov-ulttyq-bank-pen-qndra-da-mikroqarzhy-ujymdarynyng-zharnamasyna-tyjym-sala-almajdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.