---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-08-baghany-baqylau-qutylmajtyn-koelengkege-ajnaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бағаны бақылау құтылмайтын көлеңкеге айналды

![Доллар чуть дорожает: средневзвешенный курс на KASE в понедельник, 26 февраля](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/dollar-chut-dorozhaet-srednevzveshennyj-kurs-na-kase-v-ponedelnik-26-fevralya-bizmedia.kz_.jpg)

Сауда және интеграция министрлігі  азық-түлік нарығындағы жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында шекарадағы бақылаудан  әрі аса алмай отыр**. **Министрлік қабырғасында бұл жолы да  ауыл шаруашылығы өнімдерін рұқсатсыз әкетуге жол бермеу, сондай-ақ өңірлердегі жәрмеңкелерді көбейту төңірегінен аса алмады.  Бағаға тиым салудың соңы  әкімдердің базар, дүкен аралап, бағаны қадағалауымен ғана есте қалады. Инфляция – әлемдік үрдіс, онымен Қазақстан жалғыз күресе алмайды. Нарықтағы бағаға назар аударған Сауда және интеграция министрлігі  бұл жолы да  азық-түлік нарығындағы жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында шекарадағы бақылауды күшейту, ауыл шаруашылығы өнімдерін рұқсатсыз әкетуге жол бермеу, сондай-ақ өңірлердегі жәрмеңкелерді көбейту төңірегінен аса алмады.

[![Фото: Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/dollar-chut-dorozhaet-srednevzveshennyj-kurs-na-kase-v-ponedelnik-26-fevralya-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/dollar-chut-dorozhaet-srednevzveshennyj-kurs-na-kase-v-ponedelnik-26-fevralya-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Bizmedia.kz

- Ұн, нан, рожки және күріш бағасы тұрақты.
-  сиыр етінің аптада 0,3%-дан 0,1%-ға дейін төмендеді.
-  ірі қара малды елден шығаруға енгізілген 3 айлық тыйым мен делдалсыз ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін күнделікті өткізу жұмыстары пысықталды.

**Біздің байлам******

Дүниежүзілік сауда ұйымына қабыл­дан­ғанымызға биыл 10 жыл.  Ауыл шаруа­шы­лығын субсидиялаудың ара­лық кезе­ңі аяқталмағандықтан,  ДСҰ шарттары бо­йынша жұм­сақ, жайлы шарттармен жұ­мыс істеп жатырмыз.

Сарапшылар  мұндай кезеңде ауыл шаруа­шылығы сегментін өз күшімен өмір сүруге мүмкіндік беріп, бәсекеге қа­бі­лет­тілік деңгейіне жеткізуіміз керектігін жиі айтады. Императивті тыйым­дар­дың соңы тапшылық пен қара базарға – көлеңкелі экономикаға жол ашады,

Статистика күн­көріс себетіндегі азық-түлік ба­­ға­сы­­­ның қанша пайызға өскенін, инфля­ция­лық деңгей қандай межеде бол­ғанын ғана есептеп шығарып,  сол себетке кіретін азық-түлік құрамына жұмсалатын қосымша шығындардың нарықтық құны туралы толыққанды зерттелмейді. Баға барометрінің карти­на­сын білу үшін бұл фактор өте ма­ңыз­­­ды. Сарапшылар  үкімет қандай шешім қабылдаса оның аспириндік әсері барын айтады. Мұндай шешімдер қазіргідей тықыр таянып қалғанда емес, осыдан кемі 20 жыл бұрын қабылдану керек еді. РФ-мен, Қырғыз бен  бізді ЕАЭО шарттары біріктіреді. Сол себепті бағаны бір-бірімен үйлестіріп отырғандар – ұтылмайды. Бізге үшінші жол жоқ

---

Опубликовано: 2025-05-08T15:30:23+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:41:58+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-08-baghany-baqylau-qutylmajtyn-koelengkege-ajnaldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.