---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-09-soghys-balalary-maertebesinen-uemitkerlerding-zhasy-85-ten-asyp-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Соғыс балалары  мәртебесінен үміткерлердің жасы 85 тен асып қалды

![Пенсии и пособия официально повышены в Казахстане](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/pensii-i-posobiya-oficzialno-povysheny-v-kazahstane-bizmedia.kz_.jpg)

Екінші дүние жүзілік соғыстың 80 жылдық тарихы қатысушылардың қатарын сиретіп жіберді.

[![Фото: Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/pensii-i-posobiya-oficzialno-povysheny-v-kazahstane-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/pensii-i-posobiya-oficzialno-povysheny-v-kazahstane-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Bizmedia.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше:

- ҰОС ардагерлері – 111;
- ҰОС ардагеріне теңестірілгендер – 16 796;
- Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандар – 26 553;
- Тыл еңбеккерлері – 39 588. 

Сарапшылардың айтуынша, балалық шағын соғыс ұрлаған толқынды да соғыс ардагерлері мәртебесіне теңестіретін кез келді. «Соғыс балалары» ұғымы Ұлы Отан соғысы (бұдан әрі - ҰОС) кезінде немесе соғыс аяқталған сәтте олар әлі 18 жасқа толмаған, яғни 1927 жылдан бастап 1945 жылды қоса алғандағы адамдарға жатады.

Қазіргі уақытта соғыс алдындағы кезеңде және ҰОС кезеңінде туған барлық адамдар сексен жасты еңсеріп қалды.

ТМД елдерінің соғыс дауылы жүріп өткен Ресей, Беларусь, Молдова, Украи­нада биылдан бастап оларға «соғыс балалары» мәртебесі арнайы заңмен бекітілген.

- Заң шеңберінде 1945 жылдың 2 қыркүйегіне дейін 18 жасқа толмаған азаматтарға әлеу­меттік көмек көрсетіледі.
- Оларға  жылына бір рет тегін саяхаттауға және жылына екі рет шипажайларда демалуға мүмкіндік берілді. 

Ал бізде болса, бұл мәселе әлі күнге дейін ел ішіндегі пікірлерден жоғары көтерілген жоқ.

- Ресми орындар ұсынған деректерге сүйенсек, тыл еңбеккерлері ре­тін­де жәрдемақыны 1936 жылға дейін туған азаматтар алады.

Еске салсақ, осыдан 14 жыл бұрын бұл мәселе Сенатта көтерілген. Сол кездегі Хұсайын Уәлиев Үкімет басшысына Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ғана емес, тыл еңбеккерлерінің қатары да сиреп келе жатқанын, сол уақыттағы балалар ересектермен қатар еңбек етіп, жеңісті жақындатуға күш-жігерлерін жұм­сағанын, бірақ соғыс уақытындағы балалар деген әлеуметтік санат жоқ бол­ған­дықтан, олар өздеріне тиесілі жеңілдіктерден құр қалып келгенін айтып, «Соғыс уақытындағы балалар және олардың мәртебесі» туралы заң жобасын дайындап, оны қабылдасақ игі еді» деген ой тастаған еді.

Өкінішке қарай, ол да аяқсыз қалды. 

Қазір 1945 жылдың 2 қыркүйегіне дейін 18 жасқа толмаған азаматтардың қатары селдіреп қалды. Тіпті 1941 жылы туған балалардың өзі 84 жаста

Оларды қазақ әдебиеті тарихында бабалық шағын соғыс ұрлаған ұрпақ деп таңталанып қалса да ешқандай жеңілдікке ие емес

Бәлкім бізге де Соғыс балалары деген мәртебені заңдастырудың кезі келген шығар.

Кезегі келді.

---

Опубликовано: 2025-05-09T12:28:46+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:41:53+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-09-soghys-balalary-maertebesinen-uemitkerlerding-zhasy-85-ten-asyp-qaldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.