---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-10-syrtqy-qaryzymyz-2025-zhyldyng-1-qangtarynda-1647-mlrd-dollargha-zhetti-bul-aelemdik-qaryzdyng-005/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сыртқы қарызымыз 2025 жылдың 1 қаңтарында  $164,7 млрд долларға жетті:   Бұл әлемдік қарыздың 0,05%

![Монеты и график](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/nazvan-razmer-gosdolga-kazahstana-na-nachalo-2025-goda_bizmedia-kz_.jpg)

[![Фото: Depositphotos / chepko](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/nazvan-razmer-gosdolga-kazahstana-na-nachalo-2025-goda_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/nazvan-razmer-gosdolga-kazahstana-na-nachalo-2025-goda_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Depositphotos / chepko

Халықаралық қаржы институтының  мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы үш айында әлемдік қарыз шамамен $7,5 трлн өсіп, $324 трлн  теңгеге жетті. Егер БҰҰ-ға қатысушы елдер мен бақылаушылар санына сүйенсек (195), онда орташа алғанда әр елге $1,68 трлн жуық қарыз келеді. Қаржы секторының ірі лоббистік тобы - Халықаралық қаржы институты (IIF) жариялаған есепке сәйкес, осы жылдың алғашқы үш айында әлемдік қарыз шамамен 7,5 трлн долларға өсіп, 324 трлн доллардан астам жаңа тарихи максимумға жетті, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

IIF деректері бойынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында әлемдік қарыздың ұлғаюына Қытай, Франция және Германия ең көп үлес қосты, ал Канада, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркияда қарыз деңгейі төмендеді.

«Негізгі сауда әріптестерінің валюталарына қатысты АҚШ доллары бағамының едәуір төмендеуі доллармен есептелген әлемдік борыштың ұлғаюына ықпал еткенімен, бірінші тоқсанда өсім 2022 жылдың аяғынан бастап әр тоқсанда тіркелген 1,7 трлн доллар мөлшеріндегі орташа өсімнен төрт есе жоғары болды», - деп атап көрсетеді IIF өзінің соңғы Global Debt Monitor есебінде.

Осымен қатар әлемдік борыштың ЖІӨ-ге арақатынасы баяу төмендеп, 325% -ға жетті. Алайда дамушы нарықтар жағдайында бұл арақатынас 245% рекордтық деңгейге жетті.

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанның таза сыртқы қарызы 2025 жылдың 1 қаңтарына $164,7 млрд. құрады.

- Бұл әлемдік қарыздың 0,05% -ы. Салыстыру үшін бұл 2024 жылғы Қазақстанның ЖІӨ-сінен 1,1 мың есе артық.
- IIF деректері бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсанында әлемдік борыштың өсуіне Қытай, Франция және Германия елеулі үлес қосты.  
-  Канада, БАӘ және Түркияда берешек деңгейі төмендеді.

«Өсім 2022 жылдың аяғынан бастап әр тоқсанда тіркелген $1,7 трлн орташа өсімнен төрт есе жоғары болды», - деп атап көрсетеді институт.

- әлемдік борыштың ЖІӨ-ге арақатынасы баяу төмендеп, 325% -ға жетті.
-  Дамушы нарықтар үшін бұл арақатынас 245% рекордтық деңгейге жетті.

**Біздің байлам**

Сыртқы қарызымыз  туралы пікір білдірген сарапшылар Қаржы министрлігі қарыз қа­ра­жатын тарту мәсе­лесіне өте тең­герімді көзқараспен қа­рап, өз стратегиясы мен қаржылық моде­ліне негізделген шешімдерді мұқият қабыл­дайтындығын айтады.

- Қазір біз сыртқы қарызды  2–2,5 пайызбен аламыз.
- Халық­аралық тәжірибеде мемлекеттік қарызды өтеуге бюджет шығыстарының 15%-дан аспайтын бөлігін жұмсау әдет­ке айналған.
- Ал біздің елде бұл көрсеткіш 7 пайыз­дан ас­пай­ды.

Сарапшылардың айтуынша, сырт­қы қарыздың мөлшері туралы, қа­рыз­дарын қалай өтейтініміз туралы нақ­тылық болмай келген еді.  Үкімет бірер жылда  жекелеген сектор­дың қарызы ашық көрсетілетінін айтып отыр. Енді басқа секторлардың да қарызы көрсетілсе, Үкіметтің сыртқы қарыздар алдындағы жауапкершілігінің салмағы жеңіл­дейді.Импортқа да, қаржы  импортына  да тәуелді болғандықтан сыртқы  қарыз мә­се­лесіне сақтықпен қарауымыз керек. Жағдай ушығып кетсе, мем­лекет қарызы кесірінен эко­но­микалық іргетасын жоғалтқан Ла­­тын Америкасы  елдерінің қай­­­ғылы жо­лын қайталауымыз мүм­кін. Лінің қай­­­ғылы жо­лын қайталауымыз мүм­кін.

---

Опубликовано: 2025-05-10T09:44:45+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:41:48+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-10-syrtqy-qaryzymyz-2025-zhyldyng-1-qangtarynda-1647-mlrd-dollargha-zhetti-bul-aelemdik-qaryzdyng-005/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.