---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-12-biyldyng-toert-ajy-bojynsha-qazaqstan-orta-tabys-tuzaghynan-qutyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Биылдың төрт айы бойынша Қазақстан «орта табыс тұзағынан» құтылды

![График на фоне контура территории Казахстана](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/ekonomika-kazahstana-uspeshno-adaptiruetsya-i-prodolzhaet-rasti-v-novoj-vneshnej-srede-bizmedia.kz_.jpeg)

Сарапшы Айбар Олжаевтың айтуынша, егер осы көрсеткішті жыл аяғына дейін ұстай алсақ, онда мұнай бағасы құлаған уақытта ішкі жалпы өнімді 6 пайызға өсіре алған «феноменалды экономика» иесі атанамыз.

[![Фото: aa.com.tr](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/ekonomika-kazahstana-uspeshno-adaptiruetsya-i-prodolzhaet-rasti-v-novoj-vneshnej-srede-bizmedia.kz_-1024x576.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/ekonomika-kazahstana-uspeshno-adaptiruetsya-i-prodolzhaet-rasti-v-novoj-vneshnej-srede-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: aa.com.tr

**Т****ранзиттік құбыр арқыл Қақпаннан босаған Көк бөрі. Олжас Бектенов үкіметі «экономикалық ғажайыпқа» бір табан жақындай түсті****»******

- 2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан экономикасының өсуі 6% болды.
- Ең мықты импульсті көлік және тасымал саласы беріп отыр. Осы сала 22,4 пайызға өскен.

> «Біз жаңа темір жолдарын пайдалануға беру арқылы теміржолдағы жүк тасымалын жақсы арттырғанбыз. Яғни көбірек жүк таси бастадық. Бұл еліміздің транзиттік логистикалық бизнесті жақсы жолға қойғанын байқатады. Онымен қатар, транзиттік құбыр арқыл Қақпаннан босаған Көк бөрі. Олжас Бектенов үкіметі «экономикалық ғажайыпқа» бір табан жақындай түсті» дейді Айбар Олжаев.  

Сарапшының  айтуынша, тасымалдан кейін қатты өскені – құрылыс саласы. Ондағы нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2 пайызға артқан. Құрылыс тоқтап тұрған жоқ. Көптеген өңірлерде нысандар бой көтеріп келеді.

**Құрылыстың мультиәсері ауқымды екенін ескерсек, осы саланың дамуы отандық материал өндірісіне де қолдау көрсетуде.**

- Біз үшін шикізаттық экономикадан кетіп, мұнайға деген тәуелділіктен құтылудың негізгі мүмкіндігін өңдеу өнеркәсібі ғана бере алады.
- Өңдеу саласындағы өсім 7,2% болды. Оның ішінде тамақ өнімдерін өңдеу 12%-ға, темекі өнімдерін шығару 26,3%-ға, химиялық өнімдерді өндіру 11,2%-ға және машина жасау 11,2%-ға артып отыр.

> «Химияда жақсы өсуімізге әлемдік алпауыт Henkel компаниясының өз кеңсесін Ресейден Қазақстанға көшіруі кәдімгідей ықпал етті. Алпауыттың Қонаев қаласындағы химия зауыты өндірістік қуатын артырып, қазіргі таңда Қазақстанда шығарылған өнім бүкіл Орталық Азия мен Кавказды қамтып отыр» дейді Олжаев.

- Темекіде Филипп Моррис Алматы облысындағы зауытында IQOS стиктерін өндіре бастады.
- Дәл осы Алматы облысында әлемдегі төртінші ірі ойыншы KT&G өз зауытын ашып, жұмысқа кірісіп кетті.

> «Олжас Бектеновтың дәуірінде Қазақстан мұнайға деген басы бүтін тәуелділіктен ақырындап құтыла бастаған сияқты. Біз 30 жыл бойы «осыны неге істемеске» деп келдік. Енді мұнай ғасырының аяқталуына деген дайындығымызды жалғастыра беру қажет. Жақын жылдары біздің экономикалық құрылымда шикі мұнай үлесін 15 пайыз деңгейіне дейін түсіре алсақ, шикізаттық бағыттан өңдеуші бағытқа трансформацияны сәтті аяқтадық деп есептей аламыз. Бірақ ол үшін әлі көп шаруа тындыру қажет» дейді Олжаев.

---

Опубликовано: 2025-05-12T08:22:43+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:41:44+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-12-biyldyng-toert-ajy-bojynsha-qazaqstan-orta-tabys-tuzaghynan-qutyldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.