---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-14-ekonomikalyq-oesimge-aeser-etken-faktorlar-ajtylyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Экономикалық өсімге әсер еткен факторлар айтылып жатыр

![За счет чего экономика Казахстана ускорилась до роста в 5% - Bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/07/za-schet-chego-ekonomika-kazahstana-uskorilas-do-rosta-v-5-bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Sputnik/Абзал Калиев.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/07/za-schet-chego-ekonomika-kazahstana-uskorilas-do-rosta-v-5-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/07/za-schet-chego-ekonomika-kazahstana-uskorilas-do-rosta-v-5-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Sputnik/Абзал Калиев.

Экономикалық өсімнің  халықтың табысына әсерінің әлсіз екенін осыған дейін жазганбыз. Дегенмен, біздің елдің бұрынгы КСРО елдері арасында 6.5 пайызбен көш бастап тұр.

Сарапшылар экономикалық өсімге қандай факторлар әсер етіп тұр деген мәселені 10 тақырыпқа бөліп, хан талапай деңгейінде талдап жатыр.   

Halyk Finance сарапшысы Салтанат Игенбекова 2025 жылға арналған ЖІӨ деңгейін болжауға әсер ететін негізгі факторлар туралы айтып берді.

- Олардың ішінде Теңіз кен орнын кеңейту және Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясаты бар.
- Талдамалық орталықтың болжамы бойынша, ағымдағы жылы ЖІӨ өсімі 5,3% құрайды (сәуірде орталық осындай болжам берген).
- Бұл Қазақстан үкіметінің 5,6% өсім болжамынан біршама төмен. Үкіметтің болжамы өңдеуші сектордың өсуіне және өндірістің ұлғаюына негізделген.
- Бұл ретте жетекші халықаралық ұйымдар (Дүниежүзілік банк, ХВҚ, АДБ, ЕҚДБ) неғұрлым оптимистік және сыртқы тәуекелдерге байланысты 4,9% -дан аспайтын өсімді болжап отыр.

Halyk Finance Теңізде ауқымды іске қосу және кеңейту, сондай-ақ бюджет қаражаты мен Ұлттық қордан трансферттер бағыттау жоспарланып отырған рірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен мұнай өндіруді ұлғайтудың арқасында экономика өседі деп есептейді. ЖІӨ-ге әсер ететін теріс факторларға талдаушылар инвестициялардың төмен деңгейін және Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені ұстап тұру жөніндегі қатаң саясатын жатқызды.

"Біздің болжамымыз мұнайдың барреліне орташа жылдық бағасы $70-қа негізделген. Мұнай өндіру жоспарларын қайта қарау, сауда жанжалдарының әсері және мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі болжамды өсімге әсер етуі мүмкін ", - деп түйіндеді Halyk Finance сарапшысы.

**Сарапшылардың алаңдайтыны Ұлттық қордың жағдай, оған экономикалық өсімнің әсер ете алмауы**:

Ұлттық қорға келсек, активтердің мұнай секторына жоғары тәуелділігін ескере отырып, оның кіріс бөлігінің одан арғы өсімі  белгісіз болып қалып отыр. Мұнай бағасы болжамды төмендеген жағдайда түсімдер көлемі қысқаруы мүмкін. Жаһандық қаржы нарықтарындағы ағымдағы ахуал белгісіздіктің қосымша факторы болып табылады: жоғары құбылмалылық негізінен шетелдік активтерге салымдар есебінен қалыптасатын ұлттық қордың инвестициялық кірісінің тұрақтылығын шектейді

Қысқасы, сарапшылар біздің елдің бұл өсімді қанша уақытқа дейін ұстап тұратыны белгісіз. Сол белгісіздіктің өзі сарапшылардың көңіліндегі күмәнді қоюлатып тұр.

---

Опубликовано: 2025-05-14T15:24:16+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:41:28+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-14-ekonomikalyq-oesimge-aeser-etken-faktorlar-ajtylyp-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.