---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-14-ekonomikalyq-oesimning-halyqtyng-tabysyna-aeseri/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Экономикалық өсімнің  халықтың табысына әсері

![Купюры и монеты тенге](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-2024-godu-dohody-byudzheta-vozrastut-na-15-trln-tenge-bizmedia.kz_.jpg)

Сарапшылардың сөзінше ІЖӨ мен халықтың табысын көзге көрінбейтін кедергілер бөліп тұр. Бұл бағытта көш басында тұрған кездеріміз көп, Бірақ одан халықтың жағдайы жақсарып кеткен жоқ.

[![Фото: © Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-2024-godu-dohody-byudzheta-vozrastut-na-15-trln-tenge-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-2024-godu-dohody-byudzheta-vozrastut-na-15-trln-tenge-bizmedia.kz_.jpg)Фото: © Bizmedia.kz

Телеграм арналарда қаңтар мен сәуір аралығындағы ЖІӨ көрсеткіштері шығыпты.

- Әзірбайжан 1.5%
- Армения 1.5%
- Белоруссия 1.8%
- Ресей 2%
- Тәжікстан 4.5%
- Өзбекстан 5.5%
- Қазақстан 6.5%

Салыстырмалы түрде біздің экономика ең үлкен өсім көрсетіпті.

Жекелей алсақ транспорт саласы 22.4%, сауда 7%, ауылшаруашылық саласы 3.9%, қызмет саласы 2% шамасында өскен.

Жалпылай алғанда экономикалық өсім бар. Мұнайдың бағасы күніге түсіп жатқанда бұл да болса жақсы жаңалық екен.

## **Біздің байлам**

Президенттің 2029 жылға дейін қойған жалпы ішкі өнімді 450 млрд долларға дейін жеткізу межесі бар. Ал дәл мұндай өсіммен ол межеге жете алмайтынымыз түсінікті. Демек, өсімді арттыру керек. Өсіммен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайы да жақсаруы, өмір сүру сапасы артуы керек, төлем қабілеті, жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіштері жақсарту өте өзекті мәселе болып отыр. Экономикалық өсім болғанымен, халықтың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік жағдайы керісінше, төмендеп жатыр. Осы үдерістер бір-біріне қарама-қайшы екенін сарапшылардың бәрі айтады. Дәл қазіргі өсім деңгейі мен халықтың жағдайы екі жағалауда тұрғандай көрініс береді. Халықтың табысы инфляцияга жұтылып жатыр.

1991-2023 жыл ара­лы­ғын­да доллар­мен есептелген жан басына шаққандағы ІЖӨ 2,3 есе – 5 157 доллардан 11 701 долларға дейін өсті.

Мұнай доллары Үкіметке, сол кез­дегі Мемлекет басшысына мемлекеттің күшін сездіріп, кез -келген  мәселені ақшамен шешуге болады деген сенімді шегелеп кетті.

Экономиканың барлық сегментінде бағаны жасанды түрде реттеу белең алғанан сарапшылар жиі айтады.

Сарапшылар экономикалық өсімде мұнай үлесінің пайызы қанша екенін зерттеу бізде ақтаңдақ тақырып екенін айтады.

Егер бұл мәселе терең зерттелсе, біраз мәселе қайта қаралады, су бетіне қалқып шыққан көрсеткіштер қайта шөгеді.

## **Халықтан ұят болды******

Нұрлан Балғымбаев үкімет басы болып тұрғанда, жаны қысылған сәтте  «халықтан ұят болды»  дегенді жиі айтады екен. Бізге де үкіметтің экономикалық блогына халықтан ұят болды дейтін азаматтар ауадай қажет болып тұр. 

Сарапшы Б. Зиябековтың айтуынша табысы ІЖӨ-нің деңгейіне ілесе алмай отырғанымыз әбден ұят болды.

Үкімет оны мемлекеттік шығындарды көбейту, квазимемлекеттік секторды қорландыру, фискалдық ынталандыру есебінен теңестіргісі келеді. Бірақ бұл шешім халықтың табысындағы мемлекеттің үлесін көбейтіп, инфляцияны көтеріп жіберетінін Ұлттық банк сезіп отыр . Сол себепті Үкімет пен ҰБ халықтың жағдайына әсер ететін кез-келген шешімде сауысқандай сақ болуы керек.

Әйтпесе, халықтан ұят болады...

---

Опубликовано: 2025-05-14T06:07:22+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:41:33+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-14-ekonomikalyq-oesimning-halyqtyng-tabysyna-aeseri/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.