---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-14-uekimetting-ekonomikalyq-blogy-2026-zhylghy-1-qangtardan-bastap-zhylzhymajtyn-muelik-naryghyna-qatysty-2-mangyzdy-shartty-oezgertip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үкіметтің экономикалық блогы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, жылжымайтын мүлік нарығына қатысты  2 маңызды шартты өзгертіп жатыр

![Вырастут ли цены на недвижимость в Казахстане после запуска новой ипотеки «Отау»_bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/vyrastut-li-czeny-na-nedvizhimost-v-kazahstane-posle-zapuska-novoj-ipoteki-otau_bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: РИА Новости/Алексей Куденко.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/vyrastut-li-czeny-na-nedvizhimost-v-kazahstane-posle-zapuska-novoj-ipoteki-otau_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/vyrastut-li-czeny-na-nedvizhimost-v-kazahstane-posle-zapuska-novoj-ipoteki-otau_bizmedia.kz_.jpg)Фото: РИА Новости/Алексей Куденко.

krisha.kz  сарапшыларының айтуынша,  бұл ұсыныс өтсе  төленетін сома көлемі де өседі. Билік салықты жиі төлеуге тура келетін екі негізгі шартты өзгертеді, ал сомалар елеулі болады.  Қолданыстағы заңнамада жылжымайтын мүлік 1 жылдан кем мерзім ғана меншігіңізде болған үйді  қымбатқа өткізсеңіз ғана салық төлейтінсіз. Енді салық мөлшері  мүлікке қатысты меншік құқығыңыз мемлекеттік тіркеуге қойылған күннен бастап есептеледі.

- **Салықты қалай есептеу керек: түсінікті мысалдар**
- **• Мысал 1. Салық төлеудің қажеті жоқ.**
- **Пәтерді 2023 жылдың қаңтарында 25 млн теңгеге сатып алған. 2026 жылдың ақпанында 30 млн теңгеге сатылды.**
- **- Иелену мерзімі - 3 жыл.**
- **- 2 жылдан артық болса да, салық төлеудің қажеті жоқ.**
- **- Декларация тапсырудың да қажеті жоқ.**
- **• Мысал 2. 10% ставка бойынша салық.**
- **30 млн теңгеге пәтер сатып алдық. Бір жылдан кейін 40 млн теңгеге сатылды.**
- **- Иелену мерзімі 2 жылдан кем.**
- **- Пайда - 10 млн теңге.**
- **- Табыс 8500 АЕК-тен аз → мөлшерлеме 10%.**
- **- Салық сомасы: 10 млн × 10% = 1 млн тг.**
- **- Декларацияны (270.00 нысан) 2027 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсырамыз. Салықты 2027 жылғы 25 қыркүйекке дейін төлеңіз.**

2026 жылдан бастап, прогрессивті шкала енгізіледі:

- Егер сатудан алынған табыс 8 500 АЕК-тен (2025 жылғы шамада 33 422 000 теңгеден) аспаса, 10% ставкасымен салық төленеді.
- Егер асса, айырмасына 15% ставкасы қолданылады.
- krisha.kz сарапшыларының айтуынша, бұл талап бастапқы нарыққа да таралады. Құрылыс компаниясынан алғанда пәтеріңіздің үлестік қатысу келісімшартындағы сату бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы оң айырма құнның өсімі ретінде түсінілетін болады.

Бұл өзгерістерді Мәжіліс  бүгін қабылдады. Енді Санаттың мақұлдауынан өтсе, маусым айынан соң заңға Президент қой қояды деп болжануда.

 2026 жылдан бастап жылжымайтын мүлкін 2 жыл өтпей сатқандар және таза табыс тапқандар "сатудан кейінгі келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін" 270.00 нысанында декларация толтыруға міндетті. Декларация тапсырғаннан кейін 10 күн кешіктірмей (немесе одан көп бұрын), сатудан кейінгі келесі жылдың 25 қыркүйегіне дейін тиісті салықты төлеу керек.

Мамандар  жаңарған Салық кодексіндегі бұл жаңашылдықтар біріншіден, жылжымайтын мүлік нарығындағы сауда стагнациясына соқтырады деп қауіптеніп отыр.

Миллиондап салық төлеуден қаймыққан халықтың басым көпшілігі сатып алған кез келген жылжымайтын мүлкін 2 жыл сатпай ұстауға мәжбүр болатыны әбден мүмкін, бұл нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың деңгейіне әсер етеді.

сарапшылар бұл жаңа ережелер Қазақстанда баспана бағасының шарықтауына соқтыратынын ескертті. Риелторлар 2025 жылдың соңына дейін жылжымайтын мүлік саудасы еселеп артатынын айтып отыр.

---

Опубликовано: 2025-05-14T16:43:19+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:44:36+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-14-uekimetting-ekonomikalyq-blogy-2026-zhylghy-1-qangtardan-bastap-zhylzhymajtyn-muelik-naryghyna-qatysty-2-mangyzdy-shartty-oezgertip-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.