---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-15-importqa-taeueldilik-problemany-qalaj-sheshemiz/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Импортқа тәуелділік: Проблеманы  қалай шешеміз

![В Казахстане расширили список импортируемых товаров, по которым НДС уплачивают методом зачета](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-kazahstane-rasshirili-spisok-importiruemyh-tovarov-po-kotorym-nds-uplachivayut-metodom-zacheta_bizmedia.kz_.jpg)

Импортқа тәуелділік біз үшін мәңгілік тақырыпқа айналды.

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-kazahstane-rasshirili-spisok-importiruemyh-tovarov-po-kotorym-nds-uplachivayut-metodom-zacheta_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-kazahstane-rasshirili-spisok-importiruemyh-tovarov-po-kotorym-nds-uplachivayut-metodom-zacheta_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Freepik

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы $29,2 млрд құрады, оның ішінде экспорт үлесіне $16,3 млрд, импорт үлесіне - $12,9 млрд тиесілі болды.

Негізгі үлес салмағы мынадай тауарларға келеді:

• мұнай және мұнай өнімдері (52,3%),

• тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,3%),

• кен және мыс концентраты (4%),

• ферроқорытпалар (3,3%),

• бидай және меслин (2,3%).наурызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы $29,2 млрд құрады, оның ішінде экспорт үлесіне $16,3 млрд, импорт үлесіне - $12,9 млрд тиесілі болды.

**2025 жылғы бірінші тоқсандағы экспорт бойынша тауарлардың негізгі үлес салмағы мынадай тауарларға келеді:**

• мұнай және мұнай өнімдері (52,3%),

• тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,3%),

• кен және мыс концентраты (4%),

• ферроқорытпалар (3,3%),

• бидай және меслин (2,3%).

**Импорт бойынша тауарлардың неғұрлым жоғары үлесі мыналарға тиесілі:**

- жеңіл автомобильдер (3,9%),
-  дәрілік заттар (3,1%),
- моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (2,9%),
- телефон аппараттары (2,3%),
- моторлы көлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтары (2,2%).

**Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы айтуынша:**

-  РФ-ға экспорт құрылымында 2024 жылы химиялық өнімнің (+ $189 млн) және металдардың (+ $47 млн) үлесі өсті,
- ал машиналардың (- $629 млн) және минералдық өнімдердің (- $370 млн) үлесі қысқарды,
- Өңдеу өнеркәсібі тауарларының экспорт үлесі 20% -дан 17% -ға дейін төмендеді. 

«Ұлттық банктің  факторлық талдауының есебі бойынша, импорттың номиналды көлемінің ұлғаюы жеткізілімдердің нақты көлемінің өсуіне байланысты. Рубльдің теңгеге қарағанда біршама нығаюына (5,9%) қарамастан, бағалық артықшылық ресейлік тауарларда үлкен басымдықпен сақталды: РФ-мен саудадағы тереңдей түскен тапшылық ҚР төлем балансына қысым жасады. Атап айтқанда, РФ-мен саудадағы теріс сальдо ($8,7 млрд) ағымдағы операциялар шотының қорытынды тапшылығынан ($4,4 млрд) екі есе асып түсті» дейді  қаржыгерлер.

ҚҚҚ атап өткендей, Қазақстанның жиынтық импортындағы ресейлік тауарлардың үлесі жергілікті өнеркәсіптің аралық тауарларды әкелуге тәуелділігі, азық-түлік емес тауарлар мен тамақ өнімдерінің ішкі өндірісінің жеткіліксіздігі аясында 30,5% -ға дейін өсті. «Осы импорттың жекелеген санаттары (мысалы, аралық тауарларда: шанақтар, моторлы-көлік құралдарының бөліктері, мұнай өнімдері; азық-түлікке жатпайтын: киім, дәрі-дәрмек, пластмасса бұйымдары; азық-түлікте: кондитерлік өнімдер, қант, сусындар) түрлі мемлекеттік бағдарламаларды, экономиканы әртараптандыру және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде ішкі өндірісті ынталандыру кезінде негізгі бағыттарды білдіре алады» дейді хабарламада.

**Біздің байлам**

Импортқа тәуелді салаларды түгендеу мүмкін емес. Жоғары технологиялық сала кәсіпорындары, табысты компаниялар, жеңіл өнеркәсіп. Сарапшы Айбар Олжаевтың айтуынша, Үкімет іске асыратын мемлекеттік бағдарламалардың барлығы импортты асқындырып, біздің төлем балансымыздың нашарлауына жол ашып жіберді. Себеп – біздегі мемлекеттік қол­дау тым ұзақ жүреді. Мы­салы, 7-10 жыл бойы келе жат­қан бағ­дарламалар бар. Егер олар қыс­қамерзімді болғанда, жа­ғым­сыз макроәсері әлсіздеу болатын еді.

Біздің жағдайымызда эконо­миканың классикалық ереже­лері жұмыс істемейді. Госка­питализм біздегі экономиканы қисайтып, бұрыс жолға түсіріп жіберді. Басқа елде отандық өндірісті дамыту және ұлғайту үшін мемлекет есебінен шетелден құрал-жабдықтар мен аралық материалдарды сатып алу – қалыпты құбылыс. Бірақ, біздің ел жағдайында бюджеттен қанша ақша бөлінсе де, отандық өндірістің бір орында қалатыны анықталды.Тіпті  бюджет шығыстарының 1 пайызға өсуі импорттың 1,42% өсуіне алып келетінін көзіміз көрді. Мемлекеттік шығыстардың өсуі мен импорттың көбеюінде осындай тікелей байланыс бар болса, жақын арада төлем теңгеріміз минусқа кететіні анық.

Дәл сол кезде импорт ұлғая береді. Мұны өтпелі кезеңдегі капитализмнің солшылдық дертіне теңеуге болады. Бірақ бұл дерттен қашан айығатынымыз Үкіметтің экономикалық жігеріне байланысты.

---

Опубликовано: 2025-05-15T15:22:53+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:44:27+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-15-importqa-taeueldilik-problemany-qalaj-sheshemiz/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.