---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-15-zhylqy-qoj-tauyq-pen-qus-etine-qaraghanda-siyr-eti-baghasy-oesip-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жылқы, қой, тауық пен құс еті­не қарағанда, сиыр еті ба­ғасы  өсіп кетті

![Разрезанное красное мясо](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-kazahstane-na-4-vyroslo-potreblenie-myasa-i-myasoproduktov-bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: РИА Новости](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-kazahstane-na-4-vyroslo-potreblenie-myasa-i-myasoproduktov-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-kazahstane-na-4-vyroslo-potreblenie-myasa-i-myasoproduktov-bizmedia.kz_.jpg)Фото: РИА Новости

Сарапшылардың сөзінше, нарықта бұрын -соңды болмаған баға өзгерісіне Ауыл шаруашылығы министрлігінің төмендегі мәлімдемесі себеп болған:

Ондағы деректерде 2024 жылдың қорытындысы бойынша сою салмағында 430 мың тон­на ірі қара мал (ІҚМ) еті өнді­ріл­гені, бұл 2023 жылдан 7,5% артық екені айтылған.  АШМ-нің  «Елде өндірілетін сиыр еті­нің көлемі халықтың қажетті­лік­те­рін толығымен қанағаттандырады!» деген мәлімдемесінен кейін нарықтағы баға өсіп кеткен.

Кейін министрлік  2025 жылдың 30 сәуірінен бас­тап Қазақстан аумағынан ірі қара жә­не ұсақ малды әкетуге шек­теулер енгізілгенін жариялады.

«Қазақстанда бұқашықтар мен тоқ­тыларды экспорттау квотасын бөлу қағидалары күшіне енді. Бұл норма 6 ай мерзім әрекет етеді. 12 ай­дан асқан бұқашықтарды әке­ту­дің сандық лимиті 60 мың бас, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 40 мың бас, тауар өн­діру­ші­лер үшін – 20 мың бас. 4 айдан ас­қан еркек тоқтыларды әкетудің сан­дық лимиті 120 мың басты құ­рай­ды», – делінген АШМ түсінік­те­­месінде. 

Үкіметте Пре­мьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық эко­номика министрі Серік Жұман­ғарин­нің төрағалығымен өткен жиынға журналистер қатысқан жоқ. Тиісті ше­шім Сауда және интеграция ми­нистрлігінің бастамасымен ве­домствоаралық комиссияда қабылданған.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер па­латасы басқарма төрағасының орын­басары Ербол Есенеев журналистермен кездескен кезде  сиыр етінің ба­ғасы жылқы етінен  қымбаттау себебін оны күтіп-бағуға жұмсалған шығынның көптігімен түсіндіріпті.  Соның сал­дары­нан кереғар жағдай туындады: сиыр етінің көтерме бағасы жылқы етінен де асып түсіп, елдегі  ең жеңсік асқа айналып шыға келген.

Қазір Алматы мен Астанада 1 келі сиыр етінің көтерме бағасы 3 200-3 300 теңге, ал, жылқы еті – 2 500-2 700 теңге тұрады.

- Сарапшылардың айтуынша, мал шаруашылығы салаларының ішінде мемлекеттік қолдауда дәл осы ірі қара мал өсіруге басымдық бері­леді екен. Соған қарамастан, сала даму орнына кері кетті. салада проблема барын жасырмады.
- Тіпті Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров журналистермен кездескен асылтұқымды деп ауылдың ма­лын да қосып жіберіп, субсидия алуға тырысатындар бар екенін ашып айтқан.  Министрдің айтуынша, ірі қара мал саны  саны 8-8,5 мил­лион.

Қазақстандағы мал шаруашылығының қазіргі жағдайына қатысты сын пікірін біл­дірген  Қазақстан ет одағының төрағасы Мақсұт Бақтыбаевтың пікірінше, мал шаруашы­лығындағы мұндай құлдырау 2010 жылы бас­талған «Етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасының бір кезеңде дұрыс бағытта өрбігенімен, кейіннен шектен тыс реттеуге ұшырауынан болған. Сол кезеңде мемлекет тарапы­нан асыл тұқымды мал әкелуге, бордақылау алаңдарын, ет комбинаттарын салуға триллион  теңгеден астам қаржы бөлінді,  жаңа экспорт нарық­тары – Өзбекстан, Ресей, Қытай, Парсы шы­ғанағы елдері ашылды. 

Алайда 2019 жылы қабылданған мал экспортын шектеу туралы шешім нарықтағы тепе-теңдікті бұзды. Экспорттық сұраныстың жоғалуы фермерлерді мал санын қысқартуға мәжбүрледі,  бордақылау мен жем бағасы қымбаттап, шығын кобейді. ,

Одақ басшысы нарықты тек өңделген ет өнімдеріне  бағыттау жеткіліксіз екенін, мұндай саясаттың мал шаруашылығына тікелей пайдасы болмайтынын атап өтті.

- Қазақстанда  өндірілетін  мәрмәр ет – Иран, БАӘ, Катар секілді нарықтарда жоғары бағаланатын премиум өнім.
- Ал оны арзандатып,  ішкі  өңдеу үшін шұжыққа айнал­дыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз және экспорттық  әлеуетті  шектейді.

Мақсұт Бақтыбаев сондай-ақ мәселені жан-жақты талдап, саланы нақты деректер негізінде бағалау қажеттігін, әрі қарай мұндай олқылықтарды болдырмас үшін жүйелі қорытынды  шығару  керектігін  ескертті.

---

Опубликовано: 2025-05-15T09:46:42+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:44:32+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-15-zhylqy-qoj-tauyq-pen-qus-etine-qaraghanda-siyr-eti-baghasy-oesip-ketti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.