---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-21-azyq-tuelik-baghasynyng-qymbattyghy-men-tapshylyghyn-bir-ministr-eki-vicze-ministr-birge-otyryp-talqylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Азық-түлік бағасының  қымбаттығы мен тапшылығын  бір  министр, екі вице-министр бірге отырып талқылады

![Продукты в магазине](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/12/naskolko-podorozhali-produkty-v-kazahstane-za-2024-god_bizmedia-kz_.jpg)

[![Фото: Pixabay / stevepb](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/12/naskolko-podorozhali-produkty-v-kazahstane-za-2024-god_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/12/naskolko-podorozhali-produkty-v-kazahstane-za-2024-god_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Pixabay / stevepb

Біздің тәжірибемізде мұндай талқылаулардың жүзін көрдік. Бұл жолы талқылау да де ұсыныс айтумен шектеліп қала ма деп қорқамыз.

**Нақтыласақ:   **

  Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевпен бірлескен кеңесте   ішкі нарық үшін де, экспорт үшін де әлеуметтік маңызы бар өнімдердің жеткілікті көлемін шығара алсақ да біраз  себептерге байланысты бағаға тосқауыл қоя алмай отырғанымызды айтты.

**АШ министрі Сапаров басты себеп ретінде мынаны айтты**

- Маусымаралық қорларды қалыптастыру бойынша тұрақтандыру қорларының нашар жұмысы,
- ӘКК-нің импорттық көкөністерді сатып алу бойынша ұйымдастырылған жұмысының болмауы,
-  әкімдіктердің делдалдарды алып тастау бойынша жеткілікті түрде тиімді емес жұмысы.
- Бағаны тұрақтандыру үшін шаралар қабылдау қажет  

Ал сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова мен ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжөрековтердің айтуынша,  ӘКК-дегі көкөніс қорының жеткіліксіздігі, ерте егіннің келісім-шарт көлемінің жеткіліксіздігі, белгіленген сауда үстемесінің артуы, сондай-ақ Атырау, Алматы облыстары мен Жетісу облыстарында өңірлік комиссиялардың тиімді жұмысының болмауы  себеп болып отыр.

АШ министрі  Сапаров ұйымдастырылған шаруашылықтарда, оның ішінде астық егетін үш өңірде картоп егетін алқаптарды кеңейту қажеттігіне ерекше назар аударды.

«Біз ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті азық-түлік өндіреміз. Бұл баға тұрақтылығының негізі болуы тиіс. Алайда, жергілікті жерлердегі нақты үйлесімділіксіз және жылдам реакциясыз кез келген тетіктер тиімсіз болады ", - деп қорытындылады өз сөзін Айдарбек Сапаров»

- Сауда және интеграция министрі  Арман Шаққалиев ведомствоаралық үйлестірудің және бөлшек сауданы бақылауды күшейтудің, әсіресе баға белгілеу және жеткізу тізбектерінің ашықтығы бөлігінде маңыздылығына назар аударды.
- Ол сондай-ақ импорт өсімі жағдайында қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін атап өтті.

**Біздің байлам**

Премьер-министр, ҰЭМ  Сауда және интеграция министрі - Серік Жұмангарин 2023 жылы мамыр күні үкіметте өткен барлық сақтау нысандарының ішінде елімізде тек 200-ге жуық көкөніс қоймаларында климаттық жабдықтары бар екенін айтқан. «Осыған байланысты біз Ұлттық статистика бюросына қоймалардағы көкөніс қорлары бойынша статистикалық нысанын әзірлеу және енгізу туралы ұсыныс енгіздік. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарына тіркелмеген көкөніс қоймаларына түгендеу және тіркеу жұмыстарын жүргізіп, оларды салық есебіне қоюды тапсырдым. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көкөніс қоймаларын санаттарға бөлуі жұмыстарын жүргізеді» деген болатын.

Одан бұл мәселеге қайыра соққан тұлғалар баспасөзде байқала қоймады.   

Energyprom» агенттігінің хабарлауынша, көкөніс сегментінде 20%-ке дейін тапшылық бай­қалады. - Қызанақ, сәбіз, қырыққабат, қызылша  сырттан келеді.  Күнбағыс пен май, сондай-ақ ет сегментінде бұл мөлшер жеткіліксіз. Кейбір сала­лар тұрақты түрде қамтамасыз етілмеген. Атап айтқанда, шұжық өнімдерінің жергілікті өнді­рісінің үлесі тек 56,4%, ірімшік пен сүзбе – 56%, құс еті – 67,4%-ті құрайды. Мұның себебі – ши­кі­заттың болмауы.

**Қажетті дәруменін ала алмаған егістіктер суалып бара жатқан сауын сиырға  ұқсап барады**

Бағаның  жылдан-жылға қымбаттай береті,  бағаны тізгіндеудің бір ғана жолы өзімізде өнім өндірумен байланысты екені біз үшін де, қоғам үшін де ақжемденіп  кеткен тақырып.  Бірақ өзгерген ештеңе жоқ.    «Өзімізде өндірейік» деген сөздер көп айтылғанмен, талпыныс аз.  Ғалымдардың айтуынша, біз азық түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуіміз үшін жер ананы сауықтыру шараларын қолға алуымыз керек. Онсыз ештене өнбейді.    

Экономист Әзімхан Сатыбалдиннің сөзінше осыдан бірнеше жыл бұрын Канада фермерлерімен  1 гектар Қазақстан мен Канадада ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге бірдей және бір көлемде тыңайтқыш қолданып, бидай егілген. Нәтижесінде Канада  фермерлері бізден екі үш есе   көп өнім алған. Жер-ананың тозуға бет алғаны соншалықты, батыстағы ең сапалы тыңайтқыштың өзіне селт етпеген.  Себебі ерте көктемде қаржының тапшылығынан су да, жағар май да, тыңайтқыш та үнемделеді.

---

Опубликовано: 2025-05-21T06:36:40+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:45:33+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-21-azyq-tuelik-baghasynyng-qymbattyghy-men-tapshylyghyn-bir-ministr-eki-vicze-ministr-birge-otyryp-talqylady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.