---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-22-qazaqstandyqtardyng-5-pajyzy-ghana-kriptovalyutany-liczenziyasy-bar-birzhalardan-satyp-alady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандықтардың 5 пайызы ғана криптовалютаны лицензиясы бар биржалардан сатып алады

![Первая в мире халяльная криптовалюта Islamic Coin станет доступна в мае](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/pervaya-v-mire-halyalnaya-kriptovalyuta-islamic-coin-stanet-dostupna-v-mae-bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Islamic Coin](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/pervaya-v-mire-halyalnaya-kriptovalyuta-islamic-coin-stanet-dostupna-v-mae-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/pervaya-v-mire-halyalnaya-kriptovalyuta-islamic-coin-stanet-dostupna-v-mae-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Islamic Coin

Криптовалюта өмірімізге тереңдеп енсе де   «Көлеңкелі нарықта жүрген 95  пайыздың құқығын кім қорғайды?» деген сауалға әлі жауап жоқ. Бірақ крипто саудасын ешкімнің тоқтата алмайтыны белгілі болып қалды.   ҰБ енді сол 95 пайыз криптоинвесторды заңды айналымға шығармаққа талпынып отыр.  

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, өткен жылы қазақстандықтар заңсыз 15 млрд долларға криптовалюта сатып алғанын айтты.  

- Криптовалютаны «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы лицензиясы бар биржалардан сатып алуға мүмкіндік бар.
- Бірақ қазақстандықтардың 5 пайызы ғана осы платформаларды қазақстандықтардың 5%-ы ғана пайдаланады; қалған 95%-ы «көлеңкелі»  нарықтағы активтерді сатып алады.

Ұлттық банк криптовалюта ресми  платформа арқылы  сатып алуға,  сатуға  рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

 Шолпанқұловтың айтуынша,   цифрлық активтердің сомасын және сатып алушылардың өздерінің деректерін қадағалауға мүмкіндік беретін тетік осы ғана .

«Бақылауға болады. Халық қазір криптовалюта жасырын емес екенін түсінуі керек», деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Ол бейресми платформалардың қызметтерін пайдалануды жалғастырған сатып алушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, ал криптовалютаны заңсыз сатушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.

---

Опубликовано: 2025-05-22T10:59:14+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:45:26+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-22-qazaqstandyqtardyng-5-pajyzy-ghana-kriptovalyutany-liczenziyasy-bar-birzhalardan-satyp-alady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.