---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-30-nursultan-nazarbaev-maeskeuge-ne-ueshin-bardy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге не үшін барды&#8230;

![Песков подтвердил частную встречу между Назарбаевым и Путиным в Москве](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/peskov-podtverdil-chastnuyu-vstrechu-mezhdu-nazarbaevym-i-putinym-v-moskve.jpg)

Кешеден бері қоғамның назары түңғыш президентіміз Назарбаевтың РФ президенті В. Путинмен кездесуіне аударылып тұр.

[![Фото: РИА Новости / Алексей Никольский](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/peskov-podtverdil-chastnuyu-vstrechu-mezhdu-nazarbaevym-i-putinym-v-moskve-1024x575.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/peskov-podtverdil-chastnuyu-vstrechu-mezhdu-nazarbaevym-i-putinym-v-moskve.jpg)Фото: РИА Новости / Алексей Никольский

Нақтыласақ:    

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізгенін  Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков [мәлімдеді.](https://tass.ru/politika/24088997?utm_source=in_materials) Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында кезедсуден бір сағат бұрын РФ президенті Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Сидзо Абэнің жесірі Акиэ Абэні қабылдапты.  

«Бүгін 29 мамыр күні президент Кремльде Мәскеуде жүрген Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті», – деді Песков ТАСС агенттігіне берген түсініктемесінде.

Кездесу бейресми сипатта өткен. Алайда, тараптар қандай мәселелерді талқылағаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Тұңғыш президент  Назарбаевтың шетелдік сапарлары оқырмандар үшін қызық емес. Бірақ бұл жолы бұл кездесудің Кремльде өткені, және оған ресми сапарлардағыдай көңіл бөлінгені қызық болып тұр.

Қазақстандық сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, алдағы 1-2 аптада Қазақстан АЭС бойынша вендорды анықтауы тиіс. Фаворит РосАтом болды, бірақ оның қаржыландыруда проблемалары бар. Ал Қазақстан АЭС-ті қаржыландыруға бюджеттен/БЖЗҚ/Ұлттық қордан қаражат салынбайтынын мәлімдеді.

Сарапшылар таңдау жасамастан бұрын Ресейдің біздің елдегі  бұрынғы жобаларының қаржыландыру деңгейіне назар аудару керектігін айтады.

«Ресейдің  3 жаңа көмір ЖЭО қаржыландырады деген ақпарат шыққанына 2 жыл болды. Ресейліктер Екібастұз ГРЭС-3 кеңеюіне кіруі тиіс еді. Ашық тендер жарияланды. Ресейліктер ұсыныс бере алмады. Тендер өтпеді. Бейсенбі күні РФ Президенті Путиннің қазақ президентіне түн ішінде қоңырау шалды. Аал сенбі күні  олардың министрлерінің біздің президентпен кездесуі нәтижесіз аяқталды. «Сенбі демалыс күні Президенттің министрмен кездеспеу керек еді. Себебі деңгейіне лайықты емес. Менің жеке пікірім АЭС-ті қытайлар салу керек. РФ жобасы олармен салыстырғанда арзан болса да  санкцияға байланысты проблемалар бар» дейді Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында.     

Дегенмен, соңғы жылдары РФ мен АЭС жобасы арасында қызық-қызық жағдайлар жүріп жатыр. РФ -жағдай өздеріне тиімді болмай бара жатқанда тұңғыш  президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты араластыруы және оны қандай оймен Кремль төріне шығаруы бізге түсініксіз.

Біз өз тарапымыздан мұндай ойын ережесінің кейіпкері болу Нұрсұлтан Назарбаевтың деңгейіне лайықты емес екенін айтқымыз келеді.        

---

Опубликовано: 2025-05-30T06:26:58+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:46:38+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-05-30-nursultan-nazarbaev-maeskeuge-ne-ueshin-bardy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.