---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-06-12-sheteldik-bankterdi-qazaqstangha-alyp-keletin-zholdy-qndra-zhengildetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шетелдік банктерді Қазақстанға алып келетін жолды ҚНДРА жеңілдетті  

![Глава АРРФР встретилась с представителями Центробанков стран ЕАЭС](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/glava-arrfr-vstretilas-s-predstavitelyami-czentrobankov-stran-eaes.jpg)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер жобасын дайындағаны белгілі болды. Құжат шетелдік банктер немесе олардың филиалдарын ашу тәртібіне қойылатын қолданыстағы талаптарды ырықтандыруды көздейді.  

[![Фото: POURIA / Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/glava-arrfr-vstretilas-s-predstavitelyami-czentrobankov-stran-eaes-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/glava-arrfr-vstretilas-s-predstavitelyami-czentrobankov-stran-eaes.jpg)Фото: POURIA / Unsplash

Жоба «Ашық НҚА»   порталында 24 маусымға дейін көпшілік талқылауына шығарылған.

Еншілес ұйымды немесе фи­лиалды ашу үшін рұқсат беру процесі 2 күрделі кезеңнен тұрады.

- Біріншісі – рұқсат беру, екіншісі – лицензия алу.
- Шетелдік инвесторларға арналған талаптарды оңайлату мақсатында шет­елдік банкті ашуға рұқсат алу құжат­тарының тізбесі қысқартылып отыр.
- Құжаттар саны шетелдік бас ком­пания­ның рейтингіне байланысты болады. Жалпы, құжаттар саны 24-тен банк рейтингіне қарай 17 немесе 8 құжатқа дейін кемітіледі.

Бұл жолы өзгертілуі жоспарланып отырған мәселелердің қатарында:  

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында уәкілетті органға ұсынылатын құжаттар тізімін оңтайландыру көзделеді;
- банктің басқару органы мүшелері үшін басшылық лауазымда кемінде бір жыл жұмыс өтілі туралы талап алынып тасталады;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестендіру;

Өткен аптада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары  Олжас Қизатов Қазақстанда жаңа шетелдік банктердің филиалдары ашылуы мүмкін екенін айтқан болатын. Жаңа шетелдік банктерді тарту үшін шетелдік банктердің еншілес банктері мен филиалдарын ашу талаптарын жеңілдетуге қатысты заңнамалық өзгерістер әзірленді. Құжаттар тізімі қысқартылып, филиалдарға рұқсат етілген операциялар тізімі кеңейтілді.

 ҚНДРА бұған дейін Халықаралық инвесторларды тарту мақсатында ҚНРДА және Ұлттық банк Қытай, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропаның қаржы реттеушілері және ірі банктерімен келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде Қазақстанның банк секторына Оңтүстік Кореяның BNK Financial Group, Біріккен Араб Әмірліктерінің Abu Dhabi Commercial Bank және Қатардың Lesha Bank сияқты ірі халықаралық қаржы институттары кірді.

 Оның  сөзінше, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Еуропадағы банктер тарапынан қызығушылық бар. Бірақ нақты қандай қаржы ұйымдары екенін айтуға әлі ерте. «Өкінішке орай, біз қазір банктердің нақты атауын айта алмаймыз, себебі олар банк нарығына кіру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ, сондықтан нақты ақпарат айта алмаймыз. Бірақ белгілі бір қызығушылық бар, неге? Қазір заңнамалық нормалар аясында біз банктер филиалын ашуға қатысты талаптарды жұмсартып жатырмыз»,  деді Олжас Қизатов.

Ол соңғы бес жылда әлі ешқандай шетелдік банк Қазақстанда өз филиалын ашпағанын атап өтті. Енді банк филиалын ашуға қатысты талаптар төмендеген соң шетелдік банктердің ел нарығына кіруі процесі жылдамдай түседі деп сенеді.

**Еліміздегі  21 банктің 12-сінің үлесі шетелдік**

** Кооперативті несиелендірумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен елде тек бірді-екілі ірі банк қана айналысады.** Өркениетті банк жүйесін құра алмағанымыз,  Ұлттық банк талапты күшейту керектігін енді-енді түсініп, жаңадан ғана өркениетті банк жүйесіне ұмтыла бастағаны енді ғана. 20,2 миллионнан астам халыққа небәрі 21 банк қызмет етеді.

**Шетелдік банктер төмен пайызбен несие бергісі келсе де бере алмайды**

Бұл банктер қазақстандық банк инс­ти­ту­ттары саналады,  Қазақстанның Депозит­терге мін­детті кепілдік беру жүйесіне қатысады. Бірақ, сарапшылардың айтуынша, шетелдегі бас банк пен оның қазақстандық енші­лес банкі арасындағы қаржы айналымы  банк ішіндегі капитал ағыны» емес, «банкаралық операция» ретінде қабылданып, бас банктің еншілес ұйым­ы­на қарызы Қазақстан­ның сыртқы борышына кіреді.   

 Ұлттық банктің мәлі­метінше, небәрі 7,3 миллион тұрғыны бар Қырғыз Республикасында 21 коммерциялық банк пен 305 филиалы жұмыс істейді. ****

Қаржыгер Ерлан Ибрагим шетелдік банктер Қазақстанға әлдеқашан кіріп алғанын  және олар лицензияларына сәйкес жұмыс істей алатынын айтады. Оның айтуынша, шетелдік банктерден ішкі  қаржы нарығына төніп тұрған қауіп жоқ. Керісінше, біздің  Halyk Bank және Kaspi сияқты ірі ойыншыларымыздың өздері халықаралық нарыққа шығып үлгірді. 

Оның айтуынша, шетелдік банктердің келуімен несие пайызы төмендемейді.   Шетелдік банкке, алғашқы кезде  теңге түріндегі депозиттік база  керек, тек содан кейін, несие беруге болады. Жаңа банк келсе де базалық мөлшерлемеге қарайды. АҚШ-та  өз бөлімшелеріне орта есеппен 2,8%-бен заем берген банктер біздің елде төл филиалын ашса да сол пайызбен несие бере алмайды. Біздің елде   «қазақстандық банк» ретінде тіркел­гендіктен, шетелдегі бас банктен ақшаны тек «шетелдік қаржы институты­ның заемы» түрінде ала алады.. Салдарынан, банктің қазақ­стандықтарға беретін кредиті де қым­баттайды. 

Қазақстандық банктер шетелдік банктерден үйренеді немесе ішкі нарыққа өзгеріс әкеледі деген әңгіме өткен күннің еншісінде. Керісінше, біздің банктер   көп ретте оларға үлгі болуға жарап қалды.

---

Опубликовано: 2025-06-12T12:00:02+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:47:05+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-06-12-sheteldik-bankterdi-qazaqstangha-alyp-keletin-zholdy-qndra-zhengildetti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.