---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-07-05-qr-toelemderdi-damytudyng-zhanga-kezengi-talqylandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# QR-төлемдерді дамытудың жаңа кезеңі талқыланды

![Тимура Сулейменова назначили на должность главы Нацбанка](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/timura-sulejmenova-naznachili-na-dolzhnost-glavy-naczbanka-bizmedia.kz_.jpeg)

Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізіп, Банкаралық мобильді төлемдер жүйесін (дамыту және телефон нөмірі мен бірыңғай QR-код арқылы жүзеге асырылатын банкаралық аударым сервистерін іске қосу мәселесін талқылады.

[![Фото: Акорда](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/timura-sulejmenova-naznachili-na-dolzhnost-glavy-naczbanka-bizmedia.kz_-1024x576.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/timura-sulejmenova-naznachili-na-dolzhnost-glavy-naczbanka-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: Акорда

Кездесуде «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ банкаралық аударым жүйесінің қазіргі нәтижесі мен алдағы даму жоспарын таныстырды.

-  Бүгінде бұл жүйеге **екінші деңгейлі бес банк** қосылған. Алғашқы қатысушы-банктер қосылған кезден бері телефон нөмірі арқылы жасалатын банкаралық аударым көлемі тұрақты түрде өсіп келеді.
-  Тағы **төрт банк** сынақтан өту және техникалық тұрғыда біріктіру кезеңінде тұр.
- Барлық екінші деңгейлі банк бұл жүйеге 2025 жылғы қыркүйектен қалмай қосылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, жиында БМТЖ инфрақұрылымының тағы бір маңызды элементі – банкаралық QR-төлемдерді енгізу мәселесі талқыланды.

- Алаяқтардан қорғау тетігін күшейту мен жүйенің сенімді жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында **клиент деректерін беру** форматы қайта қаралды.
-  Енді бұл форматта күмәнді және алаяқтық операцияларды қадағалауға мүмкіндік беретін толық әрі құрылымдалған ақпарат бар.
- Сондай-ақ, QR-төлемдер сервисіне қосылу бойынша банктерге қойылатын талап күшейтілді. Бұл шаралар жүйеге қатысушы тараптар арасында сапаның, қауіпсіздік пен сенімнің бірыңғай стандартын қалыптастырады.

---

Опубликовано: 2025-07-05T07:05:39+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:50:22+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-07-05-qr-toelemderdi-damytudyng-zhanga-kezengi-talqylandy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.