---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-07-05-zhekemenshik-mektepterding-naryqqa-qundy-qaghaz-shygharuy-zhalghasyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жекеменшік мектептердің  нарыққа құнды қағаз шығаруы жалғасып жатыр

![Почти весь Казахстан перешел на электронные трудовые договора](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/pochti-ves-kazahstan-pereshel-na-elektronnye-trudovye-dogovora_bizmedia.kz_.jpg)

Осыған дейін  Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің де биржаға облигацияларын орналастырылғаны айтылған. Бұл мектеп  Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетоваға [тиесілі](https://kz.kursiv.media/kk/2025-05-23/slbt-qazaqstanda-alghash-ret-zhekemenshik-mektep-kase-ge-obligacziya-shyghardy/)

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/pochti-ves-kazahstan-pereshel-na-elektronnye-trudovye-dogovora_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/pochti-ves-kazahstan-pereshel-na-elektronnye-trudovye-dogovora_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Freepik

**Енді**

Аrdingly Astana жекеменшік мектебі AIX биржасына 4,9 млрд теңге көлемінде облигация [орналастырды](https://ardingly.edu.kz/ru/news-events/prospect?utm_source=in_materials). Облигациялар проспектiсiнде инвесторлардың мүдделерiн қосымша қорғауды қамтамасыз ететiн ковенанттар көзделген. Оларды бұзған жағдайда облигацияларды ұстаушылар мерзiмiнен бұрын сатып алуды талап етуге құқылы.

Тартылған қаражат беделді британдық Ardingly Astana мектебі филиалының жаңа кампусының құрылысына бағытталатын болады. Облигациялар шығару Қазақстандағы білім беру саласына жеке инвестицияларды тарту және халықаралық мектептердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегия шеңберінде жүзеге асырылады.

Облигациялар шығарылымының барлық көлемін Ardingly Astana облигацияларының андеррайтері болған Freedom Finance Global PLC тұлғасында Freedom Broker орналастырды. Облигациялар эмиссиясының қаржы консультанты БЦК Инвест болды.

 Мектепті Primus Education компаниясы арқылы бұрынғы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен кәсіпкер Нұрлан Құрақбай иелік ететін инвестициялық компания басқарады деген деректер бар.

2 маусымда орналастырылған ,9 миллион облигацияның  әрқайсысы   1 000 теңге. Жылдық купондық мөлшерлемесі – 21,5%, төлем тоқсан сайын жүргізіледі.

2024 жылы Астанад ашылған  Ardingly Astana жекеменшік мектебі  XIX ғасырдың ортасынан бері жұмыс істеп келе жатқан британдық Ardingly College мектебінің филиалы.

---

Опубликовано: 2025-07-05T10:00:53+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:50:18+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-07-05-zhekemenshik-mektepterding-naryqqa-qundy-qaghaz-shygharuy-zhalghasyp-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.