---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-07-09-ulttyq-qordy-basqarudyng-zhanga-zhanga-erezheleri-bekitildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық қорды басқарудың  жаңа жаңа ережелері бекітілді

![Ребенок держит вырезанную из бумаги семью](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/rekordnoe-kolichestvo-detej-iz-turkestanskoj-oblasti-stali-uchastnikami-programmy-naczfond-detyam_bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Depositphotos.com/belchonock.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/rekordnoe-kolichestvo-detej-iz-turkestanskoj-oblasti-stali-uchastnikami-programmy-naczfond-detyam_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/rekordnoe-kolichestvo-detej-iz-turkestanskoj-oblasti-stali-uchastnikami-programmy-naczfond-detyam_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Depositphotos.com/belchonock.

Үкімет 2 шілдеде Ұлттық қорды қалыптастыру, пайдалану және есеп беру тәртібін реттейтін жаңа қағидаларды бекітті. ozok.kz

Бұдан былай Ұлттық қор активтері Бюджет кодексінде көрсетілген түсімдер есебінен жинақталады, ал оның қаражаты тек заңмен белгіленген мақсаттарға жұмсалады,

Ұлттық банк Үкіметке Ұлттық қор қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгеде тиісті шот ашады. 

Мұнай секторы ұйымдарына:л шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;

-  шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;
-  жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушылар жатады.
- Демек, Ұлттық банк Үкіметтің Ұлттық қордағы қаражатын басқару, шетел валютасындағы түсімдерді теңгеге айырбастап, тиісті шоттарға аудару жұмыстарын жүргізеді.
- Сондай-ақ, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер де арнайы тәртіппен есепке алынбақ.

Қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттер ай сайын, алдын ала болжанған қажеттілікке сай аударылады. Мемлекеттік қазынашылық пен Ұлттық банк трансферттердің көлемін және олардың аудару мерзімін өзара келісіп, іске асырады.

Жаңа қағида Үкімет қаулысы жарияланғаннан соң 10 күн өткенде күшіне енеді

---

Опубликовано: 2025-07-09T08:35:56+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:51:43+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-07-09-ulttyq-qordy-basqarudyng-zhanga-zhanga-erezheleri-bekitildi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.