---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-07-10-kase-men-aix-aezirge-qosylmajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# KASE мен AIX әзірге қосылмайды

![Логотип KASE у входа в здание, где располагается казахстанская фондовая биржа](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/znachenie-indeksa-kase-v-ponedelnik-vyroslo-na-038-do-4-99196-punkta-bizmedia-kz.jpg)

[![Фото: KASE](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/znachenie-indeksa-kase-v-ponedelnik-vyroslo-na-038-do-4-99196-punkta-bizmedia-kz.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/znachenie-indeksa-kase-v-ponedelnik-vyroslo-na-038-do-4-99196-punkta-bizmedia-kz.jpg)Фото: KASE

Ұлттық банктің бұл шешімді қабылдауына қандай себептер болғаны әзірше айтылған жоқ. 

Қазақстанның Ұлттық банкі Қазақстан қор биржасы (KASE) мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIX) бірігу процесін уақытша тоқтақанын  «Интерфакс-Қазақстан» хабарлады.

«Қазіргі уақытта KASE мен AIX біріктіру процесі тоқтатылды. Осылайша, Қазақстанның қор биржалары арасындағы құрылым мен функцияларды бөлу өзгеріссіз сақталады»  делінген агенттіктің сауалына берілген жауапта.

Биржалар құрылым мен өкілеттіктерді бөлуде өзгеріссіз жеке жұмыс істей береді.

Бұл алғашқы жағдай емес:

-  2024 жылы KASE-дегі үлесіне ие Мәскеу биржасына қатысты АҚШ санкциялары салдарынан процесс тоқтатылды.
- Кейіннен Мосбиржа акционерлер қатарынан шықты.

Сарапшылар бұл жолғы шешімнің қабылдануына не себеп болғанын түсіндіре алмай отыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйегінде екі биржаның әлеуетін бір басқарумен біріктіруді ұсынды. Ол екі алаңның қызметі көбінесе қайталанатынын және артық болып табылатынын мәлімдеді.

2024 жылдың сәуірінде Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов екі биржаны ықпалдастыру жөніндегі шешім әзірленгенін, егер президент әкімшілігі оны мақұлдаса, онда KASE мен AIX 2025 жылдан бастап бірлесіп жұмыс істей бастайтынын мәлімдеді.

2025 жылдың қаңтарында KASE-нің бұрынғы басшысы Алина Алдамберген олардың AIX-мен бірігу туралы ешқандай келіссөздер жүргізбейтінін мәлімдеді.

---

Опубликовано: 2025-07-10T16:25:38+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:51:28+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-07-10-kase-men-aix-aezirge-qosylmajdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.