---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-07-24-memlekettik-sektordaghy-qyzmetkerlerding-ekonomikagha-salmaghy-artyp-barady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекеттік сектордағы қызметкерлердің  экономикаға салмағы артып барады

![Госслужащими больше не являются работники канцелярии Елбасы - Bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/07/gossluzhashhimi-bolshe-ne-yavlyayutsya-rabotniki-kanczelyarii-elbasy-bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Sputnik/Владислав Воднев.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/07/gossluzhashhimi-bolshe-ne-yavlyayutsya-rabotniki-kanczelyarii-elbasy-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/07/gossluzhashhimi-bolshe-ne-yavlyayutsya-rabotniki-kanczelyarii-elbasy-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Sputnik/Владислав Воднев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында мемлекеттік қызметкерлер қатарын 25 пайызға қысқартуды тапсырған болатын.

Бұл мәселе әлі күнге дейін талқыланып жатыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру қажеттігі туралы пікірталастар жүргізілуде.

Қазақстанда бюрократиялық жұмысты орындайтын мемлекеттік аппарат қызметкерлері қысқартылады, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының орынбасары Салауат Мұқсымов. Оның айтуынша, бірінші кезекте анықтамалар беретін және ақпаратты өңдейтін қызметкерлер жұмысынан айрылуы мүмкін.

# Halyk Finance Талдау орталығының мәліметі бойынша Қазақстанда мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндердің үлесі артып,  ел бюджетіне елеулі салмақ түсіріп отыр. Halyk Finance Талдау орталығының  зерттеулерінде  2024 жылы мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер саны 51,1%-ға дейін жеткен.  

2024 жылғы дерек бойынша елдегі жалдамалы жұмысшылардың атаулы жалақысы 11,6%-ға өскен. Алайда білім беру саласында өсім – 11,9%, денсаулық сақтауда – небәрі 6,8%. Сарапшы бұл айырмашылықты жалақы теңсіздігінің тұрақты көрінісі деп бағалайды. Сонымен қатар:

- Мемлекеттік сектордағы орташа жалақы 2024 жылы 11%-ға артса,
- Жеке және шетелдік компанияларда – 13%-ға өскен.
- Мемлекеттік және жекеменшік жалақы арасындағы айырмашылық – 32%,
- Ал шетелдік сектормен салыстырғанда – 101%.

Дегенмен, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік сектор жалақысы жекеменшік сектордан жоғары болып отыр. Бұл үш салада жалдамалы қызметкерлердің 52%-дан астамы еңбек етеді, ал олардың 83,3%-ы – мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді.

Еңбек нарығын дамытудың жаңа тұжырымдамасында Қазақстан “қарапайым заттар экономикасынан” “күрделі экономикаға” көшуі керек деп көрсетілген. Бұл ретте жоғары технология, адами капитал, инновация және ғылыми зерттеулерге басымдық берілуі тиіс.

Алайда талдау авторы Арслан Аронов қолданыстағы саясатта индустрияландыруға қайта оралу, мемлекеттің рөлін күшейту сияқты бұрынғы, бірақ тиімсіз тәсілдерге басымдық беріліп жатқанын атап өтеді. Оның пікірінше, мұндай тәсілдер өнімділікті арттырмаған және жаңа жұмыс орындарын ашпаған.

**Мемлекеттік қолдау бизнесті тәуелді ете ме?**

Halyk Finance сарапшылары мемлекет тарапынан көрсетілетін субсидиялар мен преференциялар кей жағдайларда компаниялардың өз бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ынтасын төмендететінін ескертеді. Яғни, “тұрақты көмекке үйреніп қалған бизнес” өз бетімен дами алмай қалуы мүмкін.

Осыған байланысты автор мемлекеттік қолдауды ұзақмерзімді тиімділік пен нарық заңдылықтарына сай қайта қарауды, ал мемлекеттік саясаттың басымдықтарын — адами капиталды дамыту, нарықтық инфрақұрылымды жетілдіру, инновация мен ғылымды қолдау бағыттарына бұру қажет екенін алға тартады.

Зерттеу авторының қорытындысы бойынша, мемлекет экономикадағы рөлін кезең-кезеңмен қайта қарауы қажет. Ол үшін:

- Мемлекеттік меншіктің үлесін қысқарту,
- Бақылаушы органдарды оңтайландыру,
- Білім беру мен денсаулық сақтау саласына жекеменшік секторды тарту,
- Еңбекақыны тиімділігі мен біліктілігіне қарай бағыттау ұсынылады.

Мұндай реформалар мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені жеңілдетіп, ең білікті қызметкерлердің жалақысын көтеруге жағдай жасайды, дейді Halyk Finance сарапшысы

---

Опубликовано: 2025-07-24T13:20:13+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:53:56+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-07-24-memlekettik-sektordaghy-qyzmetkerlerding-ekonomikagha-salmaghy-artyp-barady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.