---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-08-02-dollar-taghy-intervencziyanyng-shekpenine-syjmady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Доллар тағы интервенцияның шекпеніне сыймады

![Один доллар](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/12/skolko-stoyat-dollar-evro-i-rubl-v-obmennikah-24-dekabrya_bizmedia-kz_.jpg)

Kurs.kz порталының мәліметіне сәйкес, 2 тамыз күні Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттері доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдарын ұсынды.

[![Фото: Unsplash.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/12/skolko-stoyat-dollar-evro-i-rubl-v-obmennikah-24-dekabrya_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/12/skolko-stoyat-dollar-evro-i-rubl-v-obmennikah-24-dekabrya_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Unsplash.com

**Алматы қаласындағы орташа бағам:******

**АҚШ доллары:******

сатып алу — 542,38 теңге

сату — 544,80 теңге;

**Еуро:******

сатып алу — 621,08 теңге,

сату — 626,23 теңге;

**Ресей рублі:******

бағам 6,59 – 6,72 теңге аралығында.

Астана қаласындағы орташа бағам:

**АҚШ доллары:******

сатып алу — 541,08 теңге,

сату — 547,32 теңге;

**Еуро:**

сатып алу — 619,09 теңге,

сату — 627,58 теңге;

**Ресей рублі:******

сатып алу — 6,64 теңге,

сату — 6,80 теңге.

**Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы:******

1 доллар — 543,24 теңге

1 еуро — 619,89 теңге

1 рубль — 6,78 теңге

1 тамыз күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша, орташа өлшенген доллар бағамы 543,24 теңге болды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,52 теңгеге жоғарылаған.

## ҰБ интервенциясы бұл жолы неге дәрменсіз болды

Бұған дейін кейбір  қаржыгер бағамды тұрақтандыру үшін Ұлттық банктен нарыққа араласып, интервенция жасауын сұраған. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов «интервенция көмектеспейтінінді» айтты.

Алайда доллар бағамы 550 теңгеге жеткенде ҰБ-тің араласқаны мәлім болды.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының барреліне 80 доллардан төмендеуі, экспорттық түсімдерінің азаюы төлем балансына қысымды қатты бұрап жіберді. Ақша массасының артуы, әсіресе бюджеттік шығындар арқылы байқалды. Халықтың теңгемен алған табысы долларға айналдырылып, қосымша сұраныс туындатты.

- 2025 жылдың бес айында Қазақстан шетелге 29,8 млрд доллардың тауарын сатты. Бұл — 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 млрд долларға аз. Елдің экспорттан түсетін табысы 9,2 пайызға қысқарған.
- Кейінгі 5 жылда Қазақстан экспортының 65-67 пайызын шикізат құрады. Бірақ биылдан бастап бұл көрсеткіш 56,9 пайызға дейін төмендесе де жағдайда өзгертуге әлсіздік танытты.
-  2025 жылдың қаңтар–мамырында импорт 2 пайызға артып, 23,3 млрд доллардан 23,7 млрд долларға жеткен. Ал импорттың басым бөлігі доллармен есептеледі, бұл валюта нарығындағы сұранысты күрт арттырып, теңгеге қысым түсіріп отыр.

---

Опубликовано: 2025-08-02T06:35:01+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:54:45+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-08-02-dollar-taghy-intervencziyanyng-shekpenine-syjmady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.