---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-08-05-edb-qajtarylmaghan-nesie-1-trln-tenggege-zhaqyndady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ЕДБ:   Қайтарылмаған несие 1 трлн теңгеге жақындады

![На 2,17% выросли кредиты банковского сектора экономике Казахстана по итогам августа - Bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/na-217-vyrosli-kredity-bankovskogo-sektora-ekonomike-kazahstana-po-itogam-avgusta-bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Sputnik/Абзал Калиев.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/na-217-vyrosli-kredity-bankovskogo-sektora-ekonomike-kazahstana-po-itogam-avgusta-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/na-217-vyrosli-kredity-bankovskogo-sektora-ekonomike-kazahstana-po-itogam-avgusta-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Sputnik/Абзал Калиев.

Банктер халықтың несие алуын қиындатса да қайтарылмаған несие көлемі өсіп барады. **Ақшадан қысылғанда****р үшін банк несиесі төркінмен бірдей.**** Қиналып келгенде өгей көрмей, қанатының астына басады****, бірақ қарызды қайтарғанша құлағыңның құрыш етінің сөлін сығып алады. **** **Елімізде қарызын 90 күннен асырып алған 2 млнға жуық адам бар. Бұл Қазақстан халқының 10 пайызы, экономикалық белсенді тұрғындардың 20 пайызы.

 Халыққа берілген кредиттер 2025 жылғы маусымда тұтынушылық қарыздардың 2,6%, 15,3 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,3%, 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 2,1% ұлғайып, 22,6 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан 9,1% өскен).

2025 жылғы маусымда халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлеменің 19,5%-ға (2025 жылғы мамырда-21,4%) дейін төмендеуіне байланысты 18,4%-ды құрап (2025 жылғы мамырда - 21,4%), 1,5 п.т. қысқарды.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр.

- Мәселен, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі 2025 жылғы мамырдағы деңгейде сақталып, 3,4%-ды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.
- 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 4,3%-ды немесе 976 млрд теңгені, бизнес кредиттері бойынша – 2,2%-ды немесе 343 млрд теңгені құрады. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 65,9%-ды құрады (01.01.2025ж. – 67,0%).

---

Опубликовано: 2025-08-05T08:30:05+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:54:32+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-08-05-edb-qajtarylmaghan-nesie-1-trln-tenggege-zhaqyndady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.