---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-08-21-qarzhylyq-sauattylyq-paeni-mektep-baghdarlamasyna-enedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қаржылық сауаттылық пәні мектеп бағдарламасына енеді

![Ученики сидят за партой в школе](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/08/kak-izmenitsya-obuchenie-v-shkolah-rasskazal-glava-minprosveshheniya-bizmedia-kz_.jpg)

[![Фото: Акимат Алматы](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/08/kak-izmenitsya-obuchenie-v-shkolah-rasskazal-glava-minprosveshheniya-bizmedia-kz_-1024x577.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/08/kak-izmenitsya-obuchenie-v-shkolah-rasskazal-glava-minprosveshheniya-bizmedia-kz_.jpg)Фото: Акимат Алматы

Қаржылық сауаттылық қазіргі әлемде өзекті тақырыпқа айналып кетті. Бала кезінен қаржылық сауаттылық ақшаға жауапкершілікті қалыптастыруға, қарыз алу деңгейін төмендетуге және халықтың жалпы өмір сүру деңгейін арттыруға көмектеседі. «Қаржылық сауаттылық» курсын зерделеудің мақсаты экономикалық ойлау салтын дамыту, отбасындағы экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, отбасы экономикасы саласындағы қарапайым мәселелерді шешу үшін алынған білім мен іскерлікті қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.

Бұл мемлекет пен қоғам тарапынан назар аударуды және қолдауды талап ететін ұзақ мерзімді процеске Ұлттық банк назар аударды.

Банктің  баспасөз қызметі алдағы уақытта  жаңа пән – қаржылық сауаттылық пәні мектеп бағдарламасына енгізілетінін хабарлады.

Осылайша, енді елімізде мектеп мұғалімдеріне және колледж оқытушыларына қаржылық сауаттылық үйретілмек.  Бұл болашақта арнайы пән ретінде қарастырылу үшін жасалып отыр. Демек, бұны дайындықтың алғышарты деуге әбден болады. 

«Курстар бағдарламасына экономика негіздері мен жеке деректердің қауіпсіздігі де енгізіледі. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бес күндік курстан шамамен 6 мың мектеп мұғалімі және колледж оқытушысы өтеді, – делінген Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Бұл жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды, яғни 2026 жылы тағы шамамен 4 мың педагог оқытудан өтеді деп жоспарланған. Бұл одан кейінгі жылда да жалғасын табуы ықтимал.

Курстардағы білім арқылы еліміздің барлық мектебіндегі оқушыларды, колледждердегі студенттерді алдағы уақытта оқыту көзделіп отыр. Мұның бәрі балалардың қаржылық сауатты дұрыс игеріп, жайлы өмір сүруі үшін қолға алынуда. 

---

Опубликовано: 2025-08-21T13:16:23+05:00

Обновлено: 2025-10-30T02:57:38+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-08-21-qarzhylyq-sauattylyq-paeni-mektep-baghdarlamasyna-enedi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.