---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-09-08-zhaerdemaqydan-zhymqyrylghan-1-milliard-tengge-aekimdikterde-qulyq-tizbegi-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жәрдемақыдан жымқырылған 1 миллиард теңге:  әкімдіктерде қулық тізбегі анықталды

![Пачки изъятых денег на столе](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/06/ya-knbshnicza-v-turkestanskoj-oblasti-zaderzhali-moshenniczu-s-6-mln-tenge-bizmedia-kz_.jpg)

[![Кадр из видео](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/06/ya-knbshnicza-v-turkestanskoj-oblasti-zaderzhali-moshenniczu-s-6-mln-tenge-bizmedia-kz_-1024x548.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/06/ya-knbshnicza-v-turkestanskoj-oblasti-zaderzhali-moshenniczu-s-6-mln-tenge-bizmedia-kz_.jpg)Кадр из видео

Қаржы мониторингі агенттігі  Қазақстанда жүктілік жәнле босану бойынша жәрдемақылардан, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектен (АӘК) ауқымды ұрлық анықталғанын хабарлады. 

2024-2025 жылдары Агенттіктің өндірісінде 1,2 миллиард теңге көлеміндегі залалмен осындай 13 сотқа дейінгі тергеу болды. Жүктілікке және босануға байланысты жәрдемақыны заңсыз есептеу фактілері бойынша күш құрылымдары 10 істі тергеп, құқыққа қарсы схемалардың 15 ұйымдастырушысы жазаға тартылды.

«Жалған жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсету нәтижесінде 385 жүкті әйел жалған мәліметтер негізінде жәрдемақы алды, бұл жалпы сомасы 1 миллиард теңгені заңсыз төлеуге әкеп соқты», - делінген таратылған хабарламада.

Заңсыз схемалар Қазақстанның түрлі өңірлерінде әрекет етті. Бұл ретте барлық анықталған жағдайларда қылмыс жасау тетігі бірдей сипатта болды.

"Қаскүнемдер жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыруды ұйымдастырып, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын артықшылықпен рәсімдеп, сол арқылы жоғары төлемдерді алуға негіз жасады. Ұрлық схемасы бас бухгалтердің әлеуметтік осал санаттарға жатпағанына қарамастан, сенімді тұлғаларды АӘК алушылар тізіміне енгізуді көздеген. Осы деректер негізінде басшылық қол қойған төлем тапсырмалары ресімделді, содан кейін қаражат жалған тұлғалардың шоттарына аударылды, қолма-қол ақшаға айналдырылды және серіктестер арасында бөлінді ", - дейді Қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпаратта.

Бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша әкімдіктердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің 15 лауазымды тұлғасына қатысты 3 сотқа дейінгі тергеу басталды.

---

Опубликовано: 2025-09-08T12:05:44+05:00

Обновлено: 2025-10-30T03:00:55+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-09-08-zhaerdemaqydan-zhymqyrylghan-1-milliard-tengge-aekimdikterde-qulyq-tizbegi-anyqtaldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.