---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-09-23-tengge-qajtyp-zhastyq-astyna-zhasyryna-bastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Теңге қайтып жастық астына жасырына бастады

![Купюры тенге разложены на поверхности](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/kak-deklarirovat-zadolzhennost-nalichnye-dengi-podarki-i-zhivotnyh-bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: © Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/kak-deklarirovat-zadolzhennost-nalichnye-dengi-podarki-i-zhivotnyh-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/kak-deklarirovat-zadolzhennost-nalichnye-dengi-podarki-i-zhivotnyh-bizmedia.kz_.jpg)Фото: © Bizmedia.kz

Ұлттық банк тапсырысымен FusionLab компаниясы жүргізген зерттеулерде  тамызда банк салымшыларының үлесі бір ай ішінде 65,8%-дан 63,5%-ға төмендегенені айтылады  Ал ақшасын қолма-қол ұстайтындар үлесі керісінше, 30,8%-дан 37,2%-ға  дейін көбейіп қалыпты

Сонымен қатар, сарапшылардың сөзінше, қолма-қол ақшасыз төлемдер рекордтық деңгейге жетті. Банк карталары арқылы жасалған қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 165 трлн теңгеге жетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Бұл көрсеткіш елдің ЖІӨ-нің 123%-ы. Сондай-ақ, POS-терминалдар саны едәуір көбейген: қазір 1000 адамға шаққанда 68 құрылғыдан келеді. 2023 жылы мың адамға 53 құрылғыдан болған.

Сарапшылардың сөзінше, бұл көрсеткіш шығындардың көбеюі және қолма-қол ақшасыз төлемдермен көп төлеумен байланысты.

Сарапшылардың айтуынша, қазір айналымда 8 трлн артық қаржы бар. Жастық астына қайта жол тартқан теңгенің сол қаржының қанша пайызын құрайтыны әзірге жұмбақ,  

Ұлттық банктің мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Сарапшылардың сөзінше  қолма-қол ақшасыз төлемдердің республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда қолданылады. Кейбір деректерге қарағанда  түрлі сатушылар мен такси жүргізушілері тауарлары мен қызметтер үшін қолма-қол ақша талап ете бастаған. 

Ескерте кетейік, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оларға ірі көлемде айыппұл салынады.

---

Опубликовано: 2025-09-23T06:25:03+05:00

Обновлено: 2025-10-30T03:02:27+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-09-23-tengge-qajtyp-zhastyq-astyna-zhasyryna-bastady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.