---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-09-24-eaeo-kedendik-bazh-salyghyn-qajta-qarau-turaly-zhumys-toby-quryldy-endi-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ЕАЭО кедендік баж салығын қайта қарау туралы жұмыс тобы құрылды: Енді болады

![Логотип ЕАЭС на стенде](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/v-2024-godu-poshlina-pri-obrashhenii-v-sud-eaes-sostavit-54-tysyachi-rossijskih-rublej_bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: пресс-служба Фонда «Росконгресс».](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/v-2024-godu-poshlina-pri-obrashhenii-v-sud-eaes-sostavit-54-tysyachi-rossijskih-rublej_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/v-2024-godu-poshlina-pri-obrashhenii-v-sud-eaes-sostavit-54-tysyachi-rossijskih-rublej_bizmedia.kz_.jpg)Фото: пресс-служба Фонда «Росконгресс».

Қазақстан ЕАЭО кедендік баж салығын өзгертумен айналысуда.Бұл туралы  Қаржы қаржы министрлігі хабарлайды

Қазақстан ЕАЭО-дағы кедендік баж салығынан түсетін кіріс үлесін 6,99% -дан 8,5% -ға дейін ұлғайтуға ниетті екенін министрлік деңгейінде айтылған.    

Нәтижесінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлеу және оларды қайта қарау кезеңділігі туралы өкім қабылданды. ЕЭК алқасы жоғары деңгейдегі тиісті жұмыс тобын құрды.

Қазақстаннан аталған топтың құрамына ұлттық экономика, қаржы, сауда және интеграция министрліктерінің өкілдері енгізілген.

«Отырыстарда әдістеменің түрлі нұсқалары, бөлу нормативтерін есептеудің тәсілдері талқыланады, сондай-ақ солардың негізінде жүргізілген есептеулер жүргізіледі», - деп нақтылады министрлікте.

2022 жылға дейін ке­дендік баж салымындағы квота мемле­кет­тердің экономикасы мен халқының санына байланысты келісіліп келген. Украинадағы жағдайдан соң  одақтағы ойын ережесі өзгерді.

 Экономикалық сарапшы Ерлан Ибрагимнің айтуынша,  мүше мем­ле­кет­тер арасында консенсус санкцияға де­йінгі картинаны өзгертуге кедергі.  . Мәскеу мұндай жағдайда Қа­з­ақстан немесе Қырғызстан арқылы өткен импортқа байланысты кедендік рәсім тек қана техникалық қадам екенін, нақты өзгерістер ЕАЭО-ның сыртқы сауда көлеміне қарап анықталатынын алға тартуы мүмкін. Себебі осыған дейін Әлихан Смайылов Премьер-министр лауазымында жүрген кезде   баж салы­мындағы өзгерістерге қатысты баға айыр­машылығына өтемақы беру қажет­тігін ескерткен. Мұндай өтемақы түріндегі жеңілдіктер халықаралық тәжірибеде бар.

Осыған дейін Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қазір кедендік баж салығы сомаларын бөлу кезінде Қазақстанның үлесін қайта қарау мүмкін емес екенін айтқан.

«Ол үшін консенсус керек. Бәрі келісуі тиіс. Ал қазір Ресей мен Беларусьтің статистикасы жабық. Есептеу өте қиын. Біз де біраз ұсыныстарды енгіздік. Бүкіл деңгейде. Жоғары деңгейде, тіпті президенттер деңгейінде көтердік. Ол жұмысты әрине, жалғастырамыз. Бірақ қазір консенсусқа жету өте қиын, мүмкін емес деуге болады.

Біздің де өз есебіміз бар. Ол әдістемеге байланысты. Әрине, есеп болса Қазақстан пайда көреді. Қазір 6,955 пайыз. 7 пайыз деп есептеуге болмайды. Нақты айту керек. Жалпы айтқанда, кейбір әдістемелерде 7,3 пайыз қылып жібереді. Бұдан да көбірек болады. Кейбір әдістемелерде 7,5 пайыз болды. Бұл шотқа байланысты. Олардың да өз қарсы ұсыныстары бар, – дейді Жұманғарин.

Еске салайық, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет үшін кедендік әкелу баждарының сомасын бөлудің ағымдағы нормативтері мынадай мөлшерде белгіленген: Қазақстан - 6,955%, Қырғызстан - 1,9%, Армения - 1,22%, Беларусь - 4,86%, Ресей - 85,065%.

---

Опубликовано: 2025-09-24T05:08:42+05:00

Обновлено: 2025-10-30T03:02:25+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-09-24-eaeo-kedendik-bazh-salyghyn-qajta-qarau-turaly-zhumys-toby-quryldy-endi-bolady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.