---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-09-26-qazaqstannyng-aeleumettik-saqtandyru-qorynyng-qarzhylyq-zhaghdajy-alangdata-bastady-sarapshylar-ne-dejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық  жағдайы алаңдата бастады. Сарапшылар не дейді

![Страховая отрасль Казахстана демонстрирует устойчивый рост](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/strahovaya-otrasl-kazahstana-demonstriruet-ustojchivyj-rost_bizmedia-kz_.jpg)

[![Фото: СЦК](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/strahovaya-otrasl-kazahstana-demonstriruet-ustojchivyj-rost_bizmedia-kz_-1024x661.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/strahovaya-otrasl-kazahstana-demonstriruet-ustojchivyj-rost_bizmedia-kz_.jpg)Фото: СЦК

2024 жылы қор өзіне түскен түсімнен асыра жәрдемақы төлегені енді айтылып жатыр. 2024 жылы  637,5 млрд теңге түсім түссе, 958,3 млрд теңге жұмсалған. 90 млрд теңгеге жуық қаражат декреттік жәрдемақы мен бала күтіміне жұмсалған. Соңғы бес жылда халықты әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке мемлекеттік шығыстар 1,5 есе өсті. Егер 2020 жылы оған 3,5 трлн теңге бөлінсе, 2024 жылға қарай бұл көрсеткіш 5,3 трлн теңгеге жетті. Зейнетақы төлемдерін индекстеу, балалы отбасыларды қолдау бағдарламаларын кеңейту, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің өсуі өсудің негізгі драйверлері болды. Бюджеттік құрылымда мұндай шығыстар едәуір салмақты сақтайды - 2025 жылы олар қазынаның жалпы шығыстар көлемінің 20,5% -ын құрайды.

Қордың қызметін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қадағаласа, ал қаржы бөлу тетіктерін бақылауға қаржы министрлігі де қатысады.

Еңбек министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, бұған дейін жас аналар бірнеше жеке кәсіпкерліктен анықтама әкеліп, өздерін 10 және одан да көп жерде жұмыс істеген етіп көрсетіп, соған сәйкес декреттік төлем алып келген. Қазір ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, декреттік демалыс басталғаннан кейінгі кірістер есепке алынбайды. Ал егер жас ана жаңа мамандық бойынша оқуға түссе, одан әлеуметтік қор арқылы шәкіртақы алатын болса немесе жұмысқа шықса ай сайынғы декреттік төлем де уақытша тоқтатылады.

Ұсынылған түзетулердің бірі зейнеткерлерге де қатысты. Ведомство есебінше, шамамен 100 мың қазақстандық зейнеткердің тұрақты тіркеуі жоқ.

Әйелдердің көбі жоғары жәрдемақы алу үшін ИП ашып, жеке кәсіпкер атанып кеткені, декреттік төлемге 10 млн теңге шамасында алып келгені осыған дейін айтылған. Сарапшылар ашылып-жабыла салатын жеке кәсіпкерлік нысандарының себебін осыдан іздеу керектігін айтады.

Бірақ сарапшылардың айтуынша, бұл мәселелер әлеуметтік саясатымыздың қателігі. Ол үшін көмекке шын мүхтаж адамдар зардап шекпеуі керек.

Сарапшы Олжас Мамадәлінің айтуынша,  әлеуметтік шараларды олардың тікелей түрінде қысқарту орынды емес,  зейнетақылар мен базалық жәрдемақылар өмір сүрудің ең төменгі деңгейін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Жүйені оңтайландыруға және тиімділігін арттыруға назар аудару қажеттігін айтқан сарапшы  қосымша ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдіснамасын қайта қарау қажеттінін айтады.  Ол үшін бірінші кезекті әлеуметтік шығыстарды оңтайландыру  керек. Біз сақтандыру моделіне біртіндеп көшу есебінен бұл мәселені шеше аламыз.  Сондай-ақ нәтижелілігі төмен бағдарламаларды анықтау мақсатында қолдау шараларының тиімділігін тұрақты талдау және оларды кейіннен нысаналы бағдарламалармен ауыстырсақ біраз қаржы үнемделеді.

---

Опубликовано: 2025-09-26T07:32:52+05:00

Обновлено: 2025-10-30T03:03:32+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-09-26-qazaqstannyng-aeleumettik-saqtandyru-qorynyng-qarzhylyq-zhaghdajy-alangdata-bastady-sarapshylar-ne-dejdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.