---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-10-09-eng-toemengi-zhalaqyny-esepteu-taesilderin-oezgertuge-dajyn-emes-ekenbiz/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ең төменгі жалақыны есептеу тәсілдерін өзгертуге дайын емес екенбіз

![Минимальную зарплату в Казахстане повысят до 50% от медианной к 2030 году](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/naskolko-vyrosla-srednyaya-zarplata-veterinara-v-kostanajskoj-oblasti-bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Sputnik/Абзал Калиев.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/naskolko-vyrosla-srednyaya-zarplata-veterinara-v-kostanajskoj-oblasti-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/naskolko-vyrosla-srednyaya-zarplata-veterinara-v-kostanajskoj-oblasti-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Sputnik/Абзал Калиев.

Бүгін Сенатта  «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» заңды мақұлдады. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев конвенция бойынша ең төменгі жалақыны анықтау кезінде еңбек өнімділігін ескеру қажеттігін, бұл Еңбек министрлігі айқындаған әдістемеде жасалып жатқанын атап өтті.

**Құжатта:**

жұмысшылардың және олардың отбасы мүшелерінің қажеттіліктерін, сондай-ақ елдің экономикалық даму деңгейін ескеретін ең төменгі жалақыны белгілеу;

заңдық күші бар және төмендетуге болмайтын ең төменгі жалақы міндетті болуы;

мемлекеттерге ең төменгі жалақыны қайта қарау тәртібін бекіту, ондай кезде жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында тиісті консультация жүргізу қарастырылған.

Отырыста сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Конвенция ең төменгі жалақыны елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін ғана емес, сонымен бірге азаматтарымыздың нақты қажеттілігін ескере отырып есептеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Құжат Қазақстанды ең төменгі жалақы кезінде макроэкономикалық факторларды ескеруге міндеттейді.

"Конвенция Халықаралық еңбек ұйымының әрбір мүшесін еңбек жағдайлары осындай жүйеге қолданылуы мүмкін жалдамалы қызметкерлердің барлық тобын қамтитын ең төменгі жалақыны белгілеу жүйесін енгізуге міндеттейді. Ол үшін мынадай жалпы қағидаттар белгіленеді: ең төменгі жалақы жүйесін енгізу, ең төменгі жалақыны белгілеу және қайта қарау кезінде әлеуметтік әріптестік тараптарының қатысуы, ең төменгі жалақыны анықтау кезінде экономикалық факторлар мен қызметкерлердің қажеттіліктерін ескеру және еңбекақы төлеу саласындағы кемсітушілікке тыйым салу", - деді Сенат депутаты Әсем Рахметова.

Өз кезегінде еңбек бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев құжатты ратификациялағаннан кейін заңға және ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесіне ешқандай өзгеріс енгізу талап етілмейтінін атап өтті.  

Сонымен қатар заң жобасы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан теріс салдарға әкелмейтіні атап өтілді. Сенаттың тұрақты комитеттері мен аппараты тарапынан заң жобасына қатысты ескертулер мен ұсыныстар түспеген.

Сенат Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 4-тармағына сәйкес бұл заң жобасын мақұлдады

---

Опубликовано: 2025-10-09T10:23:18+05:00

Обновлено: 2025-10-30T03:05:40+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-10-09-eng-toemengi-zhalaqyny-esepteu-taesilderin-oezgertuge-dajyn-emes-ekenbiz/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.