---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-10-20-eaeo-halyqqa-zhaghymsyz-sheshim-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ЕАЭО халыққа жағымсыз шешім  қабылдады

![Флаг стран-участниц ЕАЭС](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/kak-kazahstan-realizuet-soglashenie-o-pensionnom-obespechenii-trudyashhihsya-iz-stran-eaes_bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: РИА Новости / Табылды Кадырбеков](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/kak-kazahstan-realizuet-soglashenie-o-pensionnom-obespechenii-trudyashhihsya-iz-stran-eaes_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/kak-kazahstan-realizuet-soglashenie-o-pensionnom-obespechenii-trudyashhihsya-iz-stran-eaes_bizmedia.kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Табылды Кадырбеков

Бүгіннен бастап көлік әкелуге қатысты жаңа шектеулер күшіне енді.

Атап айтқанда: Медициналық арнайы көліктерден басқа – жеңіл машиналар, квадроциклдер, қарда жүретін көліктер, жолсыз жерлерге арналған техника, мотоциклдер, мотороллерлер мен мопедтер, 12 орындық автобустар және жалпы салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері. Айта кетейік, аталған техникалар «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сай болуы керек. Ал бұны растайтын құжат болмаса, азамат кедендік рәсімдеуден өте алмайды, көлікті тіркеуге қоя алмайды. Биыл қаңтар–шілде айларында елге 134 366 жаңа және жүрілген жеңіл автокөлік импортталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 59,4%-ға көп. Бұл шешім Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне енгізілген өзгерістер негізінде қабылданған.

Жаңа ережеге сәйкес, енді ел азаматтары тек жеңіл автокөліктер мен азаматтық мақсаттағы көліктерді ғана әкеле алады.

- Рұқсат берілген санатқа жеңіл көліктермен қатар квадроциклдер, снегоходтар, мототехника және жолаушы тасымалына арналған шағын автобустар кіреді. *
- Сондай-ақ, толық салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктерін жеке тұлғалар кедендік рәсім арқылы өткізе алады.

Кеден және индустрия саласындағы мамандар бұл шара уақытша емес екенін айтады.  Себебі:  

-  Алдағы уақытта көлік әкелудің бірыңғай жүйесі енгізіліп, барлық тіркеу рәсімі цифрландырылмақ.
- Осылайша, әрбір көліктің шыққан елі, техникалық жағдайы мен экологиялық класы автоматты түрде тексеріледі.
- Бұл сапасыз, қауіпті және заңсыз көліктердің айналымын шектеудің басты тетігі болмақ.

---

Опубликовано: 2025-10-20T10:15:37+05:00

Обновлено: 2025-10-30T03:07:36+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-10-20-eaeo-halyqqa-zhaghymsyz-sheshim-qabyldady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.